Тәжікстан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 4 қазан N 452
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасымен дипломатиялық қатынасын нығайту мақсатында қаулы етемін:
1. Душанбе қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісінің шетел валютасымен есептелінетін лауазымдық жалақысы Қазақстан
Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісінің лауазымдық жалақысына теңелген мөлшерде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің штат кестесі мен шығыстарының сметасын
анықтасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы