Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 7 шілде N 168
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 69 және 85 баптарына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы 1999 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының
кезекті сайлауы 1999 жылғы 10 қазанға тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстар, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының
сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету
жөніндегі барлық қажетті шараларды мүлтіксіз қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы