Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығы.
2013 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартының 2-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті | Н. Назарбаев |
| Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2014 жылғы 21 қазандағы№ 932 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердіңадамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойыншақұзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74; 20.02.2021 № 515; 26.08.2025 № 975 Жарлықтарымен.
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
3. Алып тасталды – ҚР Президентінің 26.08.2025 № 975 Жарлығымен.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
6. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы