Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасын тарату және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 25 ақпан N 3855
Республикалық ұланның ұйымдық-штат құрылымын оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Республикалық ұлан Қолбасшысының басқармасы таратылсын.
2. <*> Ескерту. 2-тармақ күшін жойды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2004.08.28. N 1428 жарлығымен .
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне енгізетін болсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы