Австрия Республикасында, Испания Корольдiгiнде, Малайзияда, Түркменстанда, Жапонияда Қазақстан Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 5 желтоқсандағы N 3255
Қазақстан Республикасының Австрия Республикасымен, Испания Корольдiгiмен, Малайзиямен, Түркменстанмен, Жапониямен дипломатиялық қатынастар орнатуына байланысты қаулы етемiн:
1. Вена, Мадрид, Куала-Лумпур, Ашғабат, Токио қалаларында Қазақстан Республикасының елшiлiктерi ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Австрия Республикасындағы, Испания Корольдiгiндегi, Малайзиядағы, Түркменстандағы, Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң штат кестелерi мен шығыстар сметасын айқындасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы