Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / 1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы

1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 367 Жарлығы.

  1970 жылғы 18 наурызда Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасынан:

      Конвенцияның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі орталық орган ретінде;

      Конвенцияның 15, 16 және 17-баптарына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеусіз алуға рұқсат беруді ұйымдастыруға, Конвенцияның 18-бабына сәйкес дәлелдемелерді мәжбүрлеу тәртібімен алуға жәрдемдесуге уәкілеттік Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі құзыретті орган ретінде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы