Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы

Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 192 Жарлығы

  Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында, қатысушы мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына бейілділігін растай отырып, әлемдік қоғамдастықтың балалар өмірі үшін қолайлы және мейірімді ортаны қалыптастырудағы күш-жігерін қолдай отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      1. Қазақстан Республикасында өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын.      2. Уәкілдің негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылда балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру болып табылады деп белгіленсін.      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсін.      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы