Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 21) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті | Қ. Тоқаев |
| Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2019 жылғы 18 желтоқсандағы№ 220 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралыЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
4. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жүйелік тәуекелдердің алдын алуға және (немесе) азайтуға жәрдемдесу Кеңестің негізгі міндеті болып табылады.
5. Кеңестің функцияларына:
1) қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін азайтуға бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шараларын;
2) қаржы дағдарысы туындауының алдын алу және оның салдарларын барынша азайту жөніндегі шараларды;
3) алып тасталды – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; 4) алып тасталды – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
4-1) жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қоса алғанда, оған реттеу режимін қолдануды;
5) қаржы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзге мәселелерді қоса алғанда, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын ала қарау және ұсыну кіреді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
6. Кеңес өз қызметі шеңберінде:
1) макропруденциялық саясат мәселелері бойынша:
жүйелік тәуекелдерді бағалау және мониторингтеу нәтижелерін, сондай-ақ оларды азайту жөнінде ұсынылатын шараларды қарайды;
пруденциялық реттеу құралдары бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, макропруденциялық саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар береді;
2) қаржы дағдарысы туындауының алдын алу және оның салдарларын барынша азайту жөніндегі шаралармен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың дағдарысқа қарсы шаралар бойынша ұсыныстарын қарайды және оларды іске асыру жөнінде ұсынымдар береді;
3) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану мәселелері бойынша:
жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын қарайды және оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оны мақұлдау немесе оны мақұлдаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қарайды;
4) мемлекеттік органдарды үйлестіруді және Кеңес мүшелерінің арасында тиімді ақпарат алмасуға жәрдемдесуді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес:
1) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекетаралық және үкіметаралық үйлестіру-консультативтік органдармен ынтымақтасуға;
2) қаралатын мәселелер бойынша консультациялар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, қоғамдық бірлестіктерді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін, ұйымдарды, ғалымдарды және тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан Кеңестің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдарды, оның ішінде:
Ұлттық Банктен макропруденциялық саясат мәселелерін қарау кезінде анықталған жүйелік тәуекелдер, жүйелік тәуекелдерді бағалау және мониторингтеу нәтижелері туралы және оларды азайту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпаратты;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан макропруденциялық саясат мәселелерін қарау кезінде қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі және тәуекелдері, қадағалау және реттеу шаралары туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қараған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан материалдарды, оның ішінде:
Ұлттық Банктен:
реттеу режиміндегі банкті "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке жатқызу туралы ақпаратты;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдік берген жағдайда жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне соңғы сатыдағы қарыз беру мүмкіндігі туралы ақпаратты;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан:
жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын;
жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін, оның реттеу жоспарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасында көрсетілген реттеу құралдарының тізбесін, іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдерін;
бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан:
мыналар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы;
жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
3-2) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану мәселелері бойынша реттеу құралдарының тізбесіне, іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдеріне ұсынымдар беруге;
4) өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 30.04.2026 № 1251 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4. Кеңестің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру
8. Кеңеске Кеңес төрағасы жетекшілік етеді.
Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
3) Кеңес отырыстарын өткізу нысанын, күнін, орнын және уақытын айқындайды;
4) Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
5) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президенті алдында Кеңестің жұмысы туралы есеп береді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.06.2021 № 591; 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
9. Кеңес мүшелері:
1) Кеңес отырысының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Кеңес отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады, Кеңестің алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етеді;
3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады.
10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен немесе сырттай нысанда өткізіледі және Кеңес төрағасын қоса алғанда, Кеңестің кемінде төрт мүшесі дауыс беруге қатысқан кезде құқықтық күші бар болып саналады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталған күн Кеңестің отырыстарын сырттай нысанда өткізу күні болып табылады.
Кеңестің құрамына кіретін лауазымды адам орнында болмаған жағдайда, Кеңес отырысына орнында болмаған лауазымды адамның міндеттерін атқаратын адам дауыс беру, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге немесе Кеңес отырысының хаттамасына қол қою құқығымен қатысады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.06.2021 № 591 Жарлығымен.
11. Ұлттық Банк Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
12. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес мүшелерінің ұсыныстары және бұрын қабылданған шешімдер негізінде Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ол бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін нысаны, күні, орны, уақыты және күн тәртібі туралы, Кеңес отырысы сырттай нысанда өткізілген кезде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
4) Кеңестің шешімдерін ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;
5) Кеңес шешімдерінің орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
6) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге қажетті материалдарды жібереді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.06.2021 № 591 Жарлығымен.
13. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
Отырыс тікелей қатысу нысанында өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және Кеңестің мүшелеріне келісуге жібереді және Кеңестің жұмыс органы оларға хаттаманы жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде отырысқа қатысқан Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Отырыс сырттай нысанда өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы хаттаманы сырттай дауыс берудің алынған бюллетеньдері негізінде дауыстарды санау қорытындысы бойынша өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және оны Кеңестің жұмыс органы ресімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңес төрағасы қол қояды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.06.2021 № 591 Жарлығымен.
14. Кеңестің шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
15. Кеңестің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген өзге тәсілмен қаржы нарығы субъектілерінің назарына жеткізілуі мүмкін.
16. Мемлекеттік органдар Кеңестің жұмыс органына Кеңестің шешімдерінің орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен қоса Кеңес тиісті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей немесе Кеңес шешімінде көрсетілген мерзімдерде ұсынады.
5. Кеңес қызметін тоқтату
17. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі Кеңес қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
| Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2019 жылғы 18 желтоқсандағы№ 220 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестіңҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 27.09.2025 № 1018; 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі болатын Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі
"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы
| Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2019 жылғы 18 желтоқсандағы№ 220 ЖарлығынаҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарыныңТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 310-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 204 Жарлығының 1-тармағының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 189-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).
5. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 568 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 50-51-52, 325-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы