Каспий құбыр арнасы консорциумы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 19 сәуiрдегi N 3464
- Каспий құбыр арнасы консорциумын құру туралы шарттарды iске асыру мақсатында және олардың Қазақстан Республикасының мұнай саласын стратегиялық дамытудағы айрықша маңыздылығын ескере отырып
- қаулы етемiн:
- 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Каспий құбыр арнасы консорциумының қызметiне байланысты шарттарды мақұлдау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
- 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
- 1) "Каспий құбыр арнасы консорциумы - К" (бұдан былай "КҚК-К" АҚ-ы деп аталады) акционерлiк қоғамына қатысты сұйық көмiр сутегiн тасымалдау жөнiндегi қызмет экспортынан шетел валютасымен алынатын түсiмдi осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетiлген шарттар қолданылатын кезеңде мiндеттi сатуды енгiзбейтiн болсын;
- 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, сол сияқты одан тысқары жерлердегi банктерде шетел валютасымен "КҚК-К" АҚ-ның шоттарын ашуды қамтамасыз етсiн;
- 3) "КҚК-К" АҚ-ға Қазақстан Республикасының резиденттерiнен сұйық көмiр сутегiн тасымалдау жөнiндегi қызметi үшiн шетел валютасын алуына рұқсат етiлсiн.
- 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
- Қазақстан Республикасының
- Президенті
- Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы