Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды бекіту туралы

Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36578 болып тіркелді

  ЗҚАИ-ның ескертпесі!      Осы бұйрық 25.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

      Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары –Ұлттық экономика министріС. Жумангарин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

 

 Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрініңорынбасары –Ұлттық экономика министрі2025 жылғы 4 тамыздағы№ 76 бұйрығыменбекітілген

 

Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар

      1. Осы Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 182-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (бұдан әрі – Серіктестік) қойылатын өлшемшарттарды айқындайды.

      2. Бақылау кеңесі төменде санамаланған өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін Серіктестіктерде құрылады:

      1) Серіктестіктің бағалы қағаздары қор биржасында орналастырылады;

      2) Серіктестік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады;

      3) Серіктестік Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектісі болып табылады. 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау