Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік және тәуелсіздік, ақпаратты жария ету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттарын бекіту туралы

Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік және тәуелсіздік, ақпаратты жария ету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттарын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік және тәуелсіздік, ақпаратты жария ету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 қазандағы № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қазанда № 40258 болып тіркелді

  Ескерту. 21.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 4-тармағымен.

      "Кредиттік рейтингтік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік және тәуелсіздік, ақпаратты жария ету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы нарығын реттеу және дамытуАгенттігінің ТөрағасыМ. Абылкасымова

 

 

 Қазақстан Республикасының
 Қаржы нарығын реттеу және дамыту
 Агенттігінің Басқармасының
 2026 жылғы 27 қазандағы
 № 141 қаулысымен
 бекітілген

 

Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік пентәуелсіздік, ақпаратты ашып көрсету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттары

      1. Осы Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік және тәуелсіздік, ақпаратты жария ету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Кредиттік рейтингтік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолданады)

      2. Шетелдік рейтингтік агенттіктің объективтілік пен тәуелсіздігі мынадай талаптарға сәйкес келуімен айқындалады:

      шетелдік рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және дефолттар туралы тарихи және (немесе) күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерді орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;

      шетелдік рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік ұйымдар немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;

      шетелдік рейтингтік агенттік акцияларының 10 (он) пайызынан азын тікелей иеленетін және шетелдік рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік рейтингтік агенттік рейтингті беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар шетелдік рейтингтік агенттіктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайды;

      рейтинг берілетін тұлғаға қатысты рейтингтік іс-әрекеттерге қатысатын шетелдік рейтингтік агенттіктің рейтингтік талдаушылары соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда емес және болмаған, сондай-ақ тікелей немесе жанама түрде, оның ішінде жақын туыстары арқылы рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаға бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаларға елеулі әсер ететін тұлғалардың қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін иеленбейді;

      шетелдік рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит немесе ішкі бақылау қызметі, оның ішінде ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі бар;

      шетелдік рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік іс-қимылдарды, рейтингтік агенттіктің көрсетілетін қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;

      шетелдік рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;

      шетелдік рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдалануды және ашуды болдырмау үшін шаралар көздейді және ақпаратты қорғауды және оның құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      3. Шетелдік рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мынадай ақпаратты ашуды:

      рейтингті айқындау кезінде рейтингтік агенттік қолданатын әдіснаманы;

      соңғы өткен күнтізбелік жыл ішінде берілген кредиттік рейтингтер тізімі, сондай-ақ соңғы өткен күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша шетелдік рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде ақшалай түсімдердің үлесі бес және одан да көп пайызды құрайтын рейтинг берілетін тұлғалар мен өзге де тұлғалар қамтамасыз етеді.

      4. Рейтингтердің сенімділігі:

      шетелдік рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті өзін тану туралы өтініш берген күніне дейін кемінде бес күнтізбелік жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады;

      шетелдік рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдардың саны кемінде отызды, оның ішінде өзін тану туралы өтініш берілген күнге дейінгі үш күнтізбелік жыл ішінде кемінде жиырманы құрайды, олардың кемінде бесі қаржы ұйымдары болып табылады;

      шетелдік рейтингтік агенттіктің рейтингтерді тікелей беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын персоналының жоғары білімі және қаржылық талдау немесе тәуекелдерді басқару саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар;

      рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын және рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі - рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын кемінде бір қызметкердің мынадай ұйымдардың бірінде кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі бар:

      рейтингтік агенттікте;

      талдау агенттігіне;

      зерттеу орталығында;

      қаржы ұйымында;

      аудиторлық ұйымда;

      рейтингтік комитеттің құрамында кемінде бес рейтингтік талдаушы болуы тиіс, олардың қатарында рейтинг берілетін тұлғаға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелеріне немесе қаржы құралдарына (бұдан әрі – рейтинг объектісі) рейтинг беруге жауапты жетекші рейтингтік талдаушы, рейтингтік комитеттің төрағасы және қаралатын рейтинг объектісіне жатпайтын рейтинг объектілерінің түріне маманданатын бір рейтингтік талдаушы болады (шетелдік рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әртүрлі түрлеріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда). Рейтинг комитетінің қалған мүшелері осы тармақтың төртінші абзацында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс;

      шетелдік рейтингтік агенттік тұрақты негізде берілген рейтингтердің мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ қаржылық жағдайдағы, корпоративтік басқарудағы немесе рейтинг берілетін тұлға қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы шарттарының өзгерістеріне байланысты өзгермелі факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді.

      Шетелдік рейтингтік агенттік рейтинг берілген немесе соңғы қайта қаралған күннен немесе қолданылатын әдіснаманы соңғы қайта қараған күннен бастап күнтізбелік жылдан кешіктірмей рейтингтерді жаңартуды жүзеге асырады. 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау