Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Әдістеме / Ұсынымдар / Нұсқаулар / Өкім / Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы

Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 30 наурыздағы № 25-02-02/146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 мамырда № 7610 тіркелді.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 192) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 № 346-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н.Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Министрдің м.а.Е. Аман

 

 

 Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығы министрінің м.а.2012 жылғы 30 наурыздағы№ 25-02-02/146 бұйрығыменбекітілген

 

Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепкеалу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 192) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 № 346-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Орман иеленушілер осы Әдістемелік нұсқауларға сәйкес орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтауды жүргізеді.

      3. Орман өртінен келтірілген толық материалдық шығындарға:

      1) тікелей материалдық шығын:

      орта жастағы, толысып келе жатқан, толысқан және құраған екпе ағаштардың, тамырынан зақымданған сүректердің жойылуының құны;

      табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтардың, тұтас емес орман екпелерінің және алаңдағы өскіндердің зақымдануының зияны;

      екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануының зияны;

      жанама орман пайдалану ресурстарының зақымдануының зияны;

      жанып кеткен және бүлінген құрылыс нысандары, техникалар, қондырғылар және басқа да материалдық құндылықтардың бағасы;

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының зияны;

      2) жанама материалдық шығын:

      орман өрттерін сөндірудің шығындары;

      өрттің зардаптарын жоюға (санитарлық шаралар мен ормандарды өсіру жөніндегі шараларды жүргізу) шығындары;

      суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және басқа да пайдалы орман қызметтерінің төмендеуінің зияны;

      3) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Орман өртінің түрі мен қарқындылығы ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің жарақаттану немесе жану белгілері бойынша осы Әдістемелік нұсқаулардың 1-қосымшасына сәйкес анықталады.

2. Тікелей материалдық шығынын анықтау

      5. Сүректердің жалпы сүректер запасының пайыздық жойылуы өрт түрлері есебінен және қарқындылығынан, екпе ағаштардың басым көпшілігі тұқымынан және ағаштың орташа жуандығына, орман өрті кезінде сүректердің түбірінен жойылуының көрсеткіштері бойынша осы Әдістемелік нұсқаулардың 2-қосымшасына сәйкес анықталады.

      6. Сүректердің жойылу құны формула арқылы анықталады:

      Спд = Стп * М3

      мұндағы:

      Спд - сүректердің жойылу құны;

      Стп - сүректердің бір текше метр төлем ставкасы;

      М3 - сүректердің жойылу көлемі.

      7. Қылқан жапырақты тұқымдардың табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтары, тұтас емес орман екпелері және алаңдағы өскіндері орман өртінен түгел жойылып кетеді.

      Жапырақты тұқымдардың табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтары, тұтас емес орман екпелері және алаңдағы өскіндері әлсіз, орташа және күшті қарқынды өрт кезінде тиісінше 25, 50 және 100 пайыздарға зақымданады.

      8. Табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтары, тұтас емес орман екпелері және алаңдағы өскіндерінің (бұдан әрі - жас шыбықтар) зақымданған кезіндегі зияндары, тиісті сала үшін қолданылатын 1 гектарға өсірілген жас шыбықтардың тамыр жайғанға дейінгі шығын бойынша анықталады.

      9. Зақымданған жас шыбықтардың жасын есептегенде зиянын анықтау 1 гектарға өсірілген жас шыбықтардың тамыр жайғанға дейінгі шығынды осы Әдістемелік нұсқаулардың 3-қосымшасына сәйкес орманды қалпына келтіру шығындарына коэффициентіне көбейту жолымен анықталады.

      10. Екінші дәрежедегі орман ресурстарының зақымдануының зияны, тиісті орман тұқымының түбірден ағаш сүрегіне босатылу төлем ставкасының 20 % көлемінде есептеледі.

      11. Орманды жанама пайдалану ресурстарының орман өртінен зақымдануының зияны жергілікті өкілді органдарымен бекітілген орман пайдалану үшін төлем ставкаларын пайдаланып анықталады.

      12. Мемлекеттік немесе жеке орман иелеріне орман өрті себебінен келтірілген зиян немесе жойылған құрылыс нысандарының, техникалардың, қондырғылардың және басқа да материалдық құндылықтардың, орманда тұрған (шектеу белгілері, аншлагтар, маңдайша жазулар, үгіт және насихат көрнекі құралдары, шағын сәулет үлгілері) зиян көлемі, олардың нарықтық құны негізінде анықталады.

      13. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының зияны формула арқылы анықталады:

      Ужр = Кж * Рвр + Кр * РврБс

      мұндағы:

      Ужр - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының зияны;

      Кж - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жойылған жабайы жануарлардың саны;

      Рвр - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу ставкаларының мөлшері;

      Кр - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жойылған өсімдіктердің саны;

      РврБс - Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар.

3. Жанама материалдық шығынын анықтау

      14. Орман өртін сөндіру шығындары формула арқылы анықталады:

      Рт = Зп + Смт + Сгсм + Рп

      мұндағы:

      Рт - орман өртін сөндіру шығындары;

      Зп - орман өртін сөндіруге тартылған жұмыскерлердің еңбекақысы;

      Смт - орман өртін сөндіру кезінде пайдаланылған машиналар, тракторлар, басқа да механизмдер қызметінің құны;

      Сгсм - орман өртін сөндіру кезінде жұмсалған жанар-жағар май материалдарының және өрт сөндіру құралдарының құны;

      Рп - өрт сөндіруге қатысқан жұмыскерлерді тамақтандыру шығындары.

      15. Өрттің зардаптарын жоюға (санитарлық шаралар және орманды ұдайы өндіру жөніндегі шараларды жүргізу) шығындары көрсетілген шараларды өткізетін шығын бойынша анықталады.

      16. Суды қорғау, алқап- және топырақ сақтау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және басқа да пайдалы орман функциялары төмендеуінің зияны осы Әдістемелік нұсқаулардың 4-қосымшасына сәйкес ормандардың қорғалу категориясы бойынша зиянды бекіту үшін экологиялық коэффициенттің маңыздылығын, осы Әдістемелік нұсқаулардың 2 бөлімшесіне сәйкес есептелген сүректердің түбірінен жойылуы мен жас шыбықтардың зақымдануы жиынтығын көбейту арқылы анықталады.

4. Әлеуметтік материалдық залалды анықтау

      17. алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Орман қоры аумағында өрттен келтірген залалды есепке алу

      18. Орман өртінен келтірілген зиян туралы мәлімет осы Әдістемелік нұсқаулардың 5-қосымшасына сәйкес үлгілер бойынша орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналында көрсетіледі.

 

 Орман қоры аумағында өрттенкелтірілген залалды есепкеалу және анықтау бойыншаәдістемелік нұсқауларға1-қосымша

 

Ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлікомпоненттерінің жарақаттану немесе жану белгілері

 

Жүктеу

Өрт түрі мен оның интенсивтілігіӨрт қауіптілігінің классыЖанатын орман материалдарының түрі, олардың өзгешелігі мен жану ерекшеліктері
123
Төменгі жүгірмелі:
әлсізI-IIЖерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, өткен жылғы құрғақ шөп жанады, жалынның биіктігі 0,5 метрге дейін, оттың таралу жылдамдығы минутына 1 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-1,2 килограмм.
орташаII-IIIЖерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, бұтақтар, шөп төсеніштерінің үстіңгі қабаты жанады, жалынның биіктігі 0,5-1,5 метр дейін, күйген ағаш діңінің биіктігі 1-2 метр, оттың таралу жылдамдағы минутына 3-5 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.
күштіIII-IVЖалынның биіктігі 1,5-2 метр, күйген ағаш діңінің биіктігі 2 метрден жоғары, оттың таралу жылдамдығы 3-5 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.
Төменгі тұрақты:
әлсізII-IIIЖоғарыда көрсетілген жану материалдарынан басқа топырақтың үстіңгі қабатындағы тірі төсеніштер, төсеніштің шіри бастаған қабаты жанады. 1 м2 жану материалының запасы 0,5-3,6 килограмм құрайды.
орташаIII-IVҚосымша орман төсенішінің жартылай шіріген қабаты жанады, ал ағаш діңгегі айналасындағы, түбір мен ағаштар қалдығы жердің минералдық қабатына дейін жанады, күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метр.
күштіIV-VОрман төсеніші жердің минералдық қабатына дейін толық жанып кетеді, ағаштардың тамыр жүйелері де күйеді, олардың жекелегендері құлайды. Күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метрден жоғары.
Топырақтық (топырақтық-шымтезек):
әлсізIIIСфагнум 7 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді, тамырлар арасындағы шымтезек 30 сантиметр тереңдікке дейін күйеді.
орташаIVСфагнумнан басқа шымтезек 25 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді. Көптеген ағаштардың айналасында, олардың кесекті шымтезек бөлімі топырақтың минералды қабатына дейін жанады. Жекелеген ағаштар құлайды.
күштіIV-VШымтезек қабаты толығымен топырақтың минералдық бөліміне дейін жанып кетеді. Ағаштардың жаппай құлауы байқалады.
Жоғарғы:
әлсізIIIАғаштың ұшар басының тұтастығы шамалы қылқан жапырақты, немесе құрамына жапырақ тұқымдылар кіретін екпелерде туындайды. Қылқан жапырақтылардың топтаса орналасқан учаскелері өрттен зақымданады.
орташаIII-ІVОрман дақылдарында және табиғи жолмен өнген қылқан жапырақты тұқымдарда туындайды. Ағаштың үстіңгі қабатындағы өрт көлденеңінен де таралады, сонымен қатар төменгі қабат өртінен жиі алға шығып кетеді. Сүрекдіңнің басым бөлігі үстіңгі қабат өртінен зақымданады.
күштіIV-VСүрекдің шымылдығы толығымен жанып кетеді. Күшті жел кезінде өрт тез таралады.

 

 

 Орман қоры аумағында өрттенкелтірілген залалды есепкеалу және анықтау бойыншаәдістемелік нұсқауларға2-қосымша

 

Орман өрті кезінде сүректердің түбірінен жойылуының көрсеткіштері

 

Жүктеу

№ р/н

Өрт

түрлері

мен

олардың

интен-

сивтілігі

Орташа

шеңбері,

см

 

балқа-

рағай

қайың

майқа-

рағай

шырша

самыр-

сын

қайыңтерек

қатты-

жапырақты

тұқым-

дылар

1234567891011
 Төменгі жүгірмелі:
1әлсіз12-16510152025177-
2 17-24-510152012--
3 25-32--510157--
4 33 және одан жоғары---5105--
5орташа12-16101520303525125
6 17-24510152530207-
7 25-32-510202515--
8 33 және одан жоғары--5152010--
9күшті12-1615-20305055401810
10 17-24101525354030125
11 25-32510203035257-
12 33 және одан жоғары--15253020--
 Төменгі қабат тұрақты:
13әлсіз12-162030508085552515
14 17-242525407075452010
15 25-32102030506035155
16 33 және одан жоғары515253550305-
17орташа12-163040609095653520
18 17-242535506085553015
19 25-322030407075452510
20 33 және одан жоғары102035607040155
21күшті12-16556585100100906040
22 17-2440507095100804535
23 25-323040608085703525
24 33 және одан жоғары2025507580602015
 Топырақтық (топырақтық-шымтезектік):
25әлсіз12-16657080909585--
26 17-24606575809080--
27 25-32505570758575--
28 33 және одан жоғары354060658065--
29орташа12-16808595100100100--
30 17-247075809510095--
31 25-32657075909590--
32 33 және одан жоғары505570859080--
33күшті12-16100100100100100100--
34 17-24100100100100100100--
35 25-32959595100100100--
36 33 және одан жоғары909090100100100--
 Жоғарғы қабат:
37әлсіз12-161585609095552515
38 17-241070408590452010
39 25-32-6020808535155
40 33 және одан жоғары-50107580305-
41орташа12-16409580100100653520
42 17-241590759595553015
43 25-32585608590452510
44 33 және одан жоғары-7520808540155
45күшті12-16100100100100100906040
46 17-245010080100100804535
47 25-3225957095100703525
48 33 және одан жоғары-90609095602015

 

 

 Орман қоры аумағында өрттенкелтірілген залалды есепкеалу және анықтау бойыншаәдістемелік нұсқауларға3-қосымша

 

Орманды қалпына келтіру шығындарына коэффициент

 

Жүктеу

Өліп қалған жас шыбықтардың жасы, жылҚалқан жапырақты (самырсыннан басқа) және қаттыжапырақты тұқымдыларСамырсынЖұмсақ жапырақтылар тұқымдылар
1-50,910,910,91
6-101,001,001,00
11-201,161,161,16
21-301,411,41-
31-401,721,72-
41-60-2,32-
61-80-3,45-

 

 

 Орман қоры аумағында өрттенкелтірілген залалды есепкеалу және анықтау бойыншаәдістемелік нұсқауларға4-қосымша

 

Ормандардың қорғалу категориясы бойынша зиянды бекітуүшін экологиялық коэффициенттің маңыздылығы

 

Жүктеу

Орман қызметінің түрлері

Жолдар

№

Ормандардың қорғалу категориясыКоэффициент
1234
Суды сақтау1Өзендер, көлдер, су тоғандары, каналдар және басқа да су қоры нысандарының жағалауындағы тиым салынған орман алқабы2,5
Қорғаныш2Мемлекеттік орман алқабы қорғанышы3,0
3Эррозияға қарсы ормандар3,0
4Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір және авто жолдар, магистральдық тасымал құбырлары және басқа да линиялық құрылыстарға бөлінген қорғаныш орман алқабы3,0
5Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір жолы және автожолдар бойындағы қорғаныш орман алқабы3,0
6Алқап- және топырақ қорғаныш орманы2,0
Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру7Қалалық орман және орман саяжайы3,0
8Елді-мекендердің жасыл аймағы және емдеу-сауықтыру мекемелері3,0
Генетикалық және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар9Биосфералық және қорықтық-сепортерлікті қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар орманы5,0
10Мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайлар орманы4,0
11Мемлекеттік табиғат резерві ормандары4,0
12Мемлекеттік табиғат саяжайлары ормандары4,0
13Мемлекеттік қорықтық зоналар ормандары5,0
14Мемлекеттік орманның табиғи ескерткіштері5,0
15Генетикалық орман резервін қосқанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелері4,0
16Ерекше құнды орман алабы3,0
17Жаңғақ кәсіпшілігі аймақ2,0
18Орман жеміс-жидегі екпелері2,0
19Субальпілік ормандар2,0

 

 

 Орман қоры аумағында өрттенкелтірілген залалды есепкеалу және анықтау бойыншаәдістемелік нұсқауларға5-қосымша

 

Орман қоры аумағындағы орман өрттерін тіркеужурналы* ___________________________________________________

      (орман иелерінің атаулары)

      осы журналдың парақтары ___________

      (жазба түрде) нөмірленген және тігілген

      __________________________________

      *журнал нөмірленеді, тігіледі, жетекшінің қолы

      және орман иесінің мөрімен расталады

 

Жүктеу

№

р/н

Күні және уақытыөрттің шыққан орыны (квартал, телім, орман орамы, филиал, мем. мекеме)орман өрті және оның толтырылған күні туралы хаттаманың №орман өрті және интенсивтілігі
орман өртінің басталуыорман өртін сөндірудің басталуыорман өртін жайылтпаушылықорман өртін жою
1234567
        
        
        
        
        
        
        
        
        
        
        
        
        

 

      кестенің жалғасы

 

Жүктеу

Өрт жайлаған аумақ, гаорман өртінің шығу себебі және оған кінәлі тұлғаөрт кіммен және қандай құралдың көмегімен байқалды
ортажастағы, толысып келе жатқан, толысқан, қурағанбалауса ағаштарорман көшеттеріөртеңдерорман өспеген аумақБарлығыорман емес аумақ
8910111213141516
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

 

      кестенің жалғасы

 

Жүктеу

Өрт сөндіруге пайдаланылдыОрман өртінің зияны, мың теңгеІсті тапсыру туралы мәліметтер

адам-

күні

авто-

машина-

ауысым

трактор-

ауысым

барлығыорман өртін сөндіру соның ішіндесотқақұқық қорғау органдарына
17181920212223
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

      кестенің жалғасы

 

Жүктеу

қылмысты ымты қозғау туралы мәліметтерқаралу күні және сот шешіміәкімшілік жазаға тарту және айыппұлды өндіріп алу туралы мәліметталап қою және зиянды өндіріп алу туралы мәліметалқаптың өрттен кейінгі өзгерісі туралы белгі
2425262728
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

 

 

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау