⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiн бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiн бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiн бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан бұзу –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан қасақана зақымдау немесе жою –

      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

      1) оларды адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы;

      2) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;

      3) олар бірнеше рет;

      4) iрi залал келтiре отырып жасалса –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4 Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, аса ірі залал келтіруге алып келген іс-әрекеттер –

      мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы

Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы...

Толық оқу »