21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар және аттестатталған сарапшылар қызметінің ерекшеліктері Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы
1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингік компания, аттестатталған сарапшылар қызметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Инжинирингтік компания құрылыс барысына және үлескерлер ақшасының мақсатына қарай пайдалануына мониторингті, жобалау құны шеңберінде орындалған жұмыс көлемін тексеруді жүзеге асырады.
3. Инжинирингтік компания Бірыңғай операторға, екінші деңгейдегі банкке немесе жергілікті атқарушы органға (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсіліне қарай) көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есепті уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес ай сайын ұсынуға міндетті.
4. Инжинирингтік компанияның басшылары мен аттестатталған сарапшылар құрылыс жобасы бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету үшін Бірыңғай оператордың, құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, осы құрылыс жобасы мердігерінің (бас мердігерінің) басшыларына қатысты үлестес болмауға тиіс.
5. Инжинирингтік компанияның басшылары мен аттестатталған сарапшылар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, құпиялылықты, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтауға міндетті.
6. Аттестатталған сарапшыға:
1) егер аттестатталған сарапшы осы құрылыс жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қатысқан болса, инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
2) құрылыс салушымен немесе уәкілетті компаниямен және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың өзге де қатысушыларымен еңбек, қаржылық немесе басқа да тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
7. Инжинирингтік компания мынадай талаптарға сәйкес болуға міндетті:
1) тапсырыс берушілердің көрсетілген инжинирингтік қызметтер туралы кемінде үш пікірін ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген құрылыс объектілері бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәжірибесі болуы тиіс;
2) өз құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құқығы бар кемінде үш аттестатталған сарапшы болуы тиіс;
3) штатында ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшін маман (мамандар) болуы тиіс.
8. Инжинирингік компания тараптардың келісімімен айқындалатын міндеттемелерін орындау бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы