⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу 2-тарау. БИООТЫН ӨНДІРІСІН ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

3-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу 2-тарау. БИООТЫН ӨНДІРІСІН ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу  2-тарау. БИООТЫН ӨНДІРІСІН ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

      1. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеуді биоотын өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. 

      Өзге мемлекеттік органдар биоотын өндірісінің және (немесе) айналымының осы Заңда көзделген жекелеген мәселелерін өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде реттейді. 

      2. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері: 

      1) ластағыш заттардың атмосфераға шығарылу деңгейін азайту; 

      2) биоотын өндірісін және айналымын дамыту; 

      3) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 

      3. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу: 

      1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындауды; 

      2) биоотын өндірісі және айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды; 

      3) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеуді қамтиды. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV Заңы. 

      Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы