⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

19-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері Өзін-өзі реттеу туралы Заңы 

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйым: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын және өзі қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауға; 

      2) өкілеттіктері шегінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға; 

      3) мүшелерінің (қатысушыларының) арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге; 

      4) мүшелеріне (қатысушыларына) ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге; 

      5) өз қызметінің және өз мүшелері (қатысушылары) қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге; 

      5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) үшін міндетті қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге және бекітуге; 

      6) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге; 

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында немесе өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен, кейіннен реттеуші мемлекеттік органдарға бере отырып, өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне олар өзін-өзі реттейтін ұйымға есептер нысанында ұсынатын ақпараттың негізінде талдауды жүзеге асыруға; 

      8) мүшесінің (қатысушының) Қазақстан Республикасының заңнамасын, өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бұзушылықтары, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында немесе өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізуге; 

      9) тұтынушылардың келіп түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның назарына жеткізуге; 

      10) өз мүшелері (қатысушылары) туралы жаңартылған ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға және Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беруге; 

      11) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындаған тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі орган құруға міндетті. 

      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де міндеттері белгіленуі мүмкін. 

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыруға және әрекеттерді жасауға құқылы емес. 

       3. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің біреуін немесе бірнешеуін пайдалану арқылы өзінің міндеттемелері және өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша жауапты болады. 

      4. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдерін пайдалану арқылы өз міндеттемелері және өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жауап береді. 

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 346-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы