18-бап. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Төлем ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) ұсынбаған;
2) төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдауға әсер ететін көрсетілетін төлем қызметтері туралы анық емес мәліметтерді не осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтерді ұсынған;
3) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамаған;
4) төлем ұйымы қызметін төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырмаған немесе өз қызметін қатарынан алты айдан астам кезеңге тоқтатқан;
5) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген мән-жайлар анықталған;
6) төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
7) төлем ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген;
8) төлем ұйымы қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталады. Бұл ретте төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындайды. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелердің орындалуын растау туралы хат қоса беріледі;
9) төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексеру жүргізуге кедергі келтірген не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқамаларын орындамаған;
10) мұндай алып тастау көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудан бас тартқан жағдайда төлем ұйымының өтініші келіп түскен жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталады.
2. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты төлем ұйымын жазбаша хабардар етеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Хабарлама төлем ұйымының орналасқан жері не есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау бұл шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Төлем ұйымына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзін төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады.
5. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында "төлем ұйымы" деген сөздер болған кезде оны өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 359-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы