Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Халықаралық келісімдер / Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 9-II. 

      Мәскеуде 1998 жылғы 24 қарашада жасалған Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісім бекітілсін. 

      Қазақстан Республикасының 

       Президенті   

  Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы-мемлекеттер шекараларын еркiн және тең кұқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы Келісім 

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкi, Қырғыз Республикасының Үкіметi мен Ұлттық Банкi және Ресей Федерациясының Үкiметi мен Орталық Банкі,  

      Кеден одағына қатысушы-мемлекеттер басшыларының "Қарапайым адамдарға қарсы қарапайым он қадам туралы" өтiнiшiн басшылыққа ала отырып,  

       Кеден одағының ортақ кеден шекарасы шегiндегi азаматтардың қозғалысының еркiн және тең құқылы принциптеріне адалдығын растай отырып,  

       Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалардың тауарлар мен валютаны тасымалдау жағдайларындағы айырмашылықтарды алудың басымдық мiндетiн қарастыра отырып,  

       төмендегiлер жөнiнде келiстi:  

1-бап  

       Аталған Келiсiм:  

       - кеден одағына қатысушы-мемлекеттер арасындағы мемлекеттiк шекараларды Кеден одағына қатысушы-мемлекеттерде тұрақты тұратын жеке тұлғалардың /бұдан әрi - жеке тұлғалар/ еркiн өтуiнiң;  

       - жеке тұлғалардың кеден одағына қатысушы-мемлекеттер арасындағы кеден шекаралары арқылы өндiрiстiк немесе басқа коммерциялық қызметтерге арналмаған тауарларды тасымалдауының;  

       - жеке тұлғалардың валюта тасымалдауының тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.  

2-бап  

       Тараптар аталған Келiсiмнiң күшіне енгенiнен бастап екi ай мерзімде мемлекеттiк шекаралардағы өткiзу пункттерінде, сондай-ақ Кеден одағына қатысушы-мемлекеттер арасындағы әуе қатынасы жүзеге асырылатын халықаралық әуе порттарында жеке тұлғаларды және олардың тауарларын басымдық, оңайлатылған тәртiпте тасымалдау қажет болған жағдайда, арнаулы "коридорлар" жасауды ұйымдастыруда шаралар қабылдайды.  

3-бап  

       Тараптардың келiскенiндей, Кеден одағы Келiсiмдерiне қатысушы-мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында тұрақты тұратындығын дәлелдейтiн iстегi құжаттардың болуы жеке тұлғаларды басымдық, оңайлатылған тәртiпте өткiзудiң негiзi болып табылады.  

       Жеке тұлғаларды оңайлатылған, басымдық тәртiпте өткiзу қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық заңдарына сәйкес жүргізілетін шекаралық /төлқұжаттық/ бақылауды /құжаттарды тексеру/ iске асыруды қамтиды.  

4-бап  

       Жеке тұлғалардың басымдық, оңайлатылған тәртiпте тасымалдайтын тауарлары, аталған Келiсiмнiң 6-бабындағы ережелерiне сәйкес, тұлға қатысушы-мемлекеттердiң ұлттық заңдарымен әкелуге және әкетуге тыйым салынған немесе шектелген тауарларды тасымалдауда деуге негiз болған жағдайлардан басқа, жазбаша түрде мағлұмдаудан босатылады.  

5-бап  

       Кеден одағына қатысушы-мемлекеттерде шығарылатын тауарлар, олардың iшкi кеден шекаралары арқылы аумақтық, сандық, құндық шектеулерсiз және жазбаша түрдегi мағлұмдаусыз, кедендiк тәлемдерсiз, салықтарсыз және алымдарсыз өткiзiледi, сақтауға теленетiн кедендiк алымдардан басқа.  

6-бап  

       Үшiншi елдерде шығарылатын тауарлар, олардың жалпы құны 1000 АҚШ доллары баламасындағы сомадан аспаған, жолжүгiнiң жалпы салмағы бiр адам басына 50 кг-ға дейінгі шекте болған жағдайда Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің кеден шекаралары арқылы жазбаша түрдегі мағлұмдаусыз, кедендік ресімдеуге кедендік төлемдер мен алымдарсыз өткізіледі.  

7-бап  

       8-бап ережелерін есепке ала отырып, Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің ұлттық және шетел валютасын олардың ішкі кеден шекаралары арқылы тасымалдаулары шектеулерсіз іске асырылады.  

       Жеке тұлғаның өз еркімен мағлұмдауынан басқа жағдайларда, аталған валюталар Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің ішкі кеден шекаралары арқылы жазбаша түрдегі мағлұмдаусыз тасымалданады.  

       Кеден одағы туралы келісімдерге қатысушы-мемлекеттердің ұлттық валюталары олардың сыртқы кеден шекаралары арқылы шығарылатын валюта ұлттық болып табылатын мемлекеттік ұлттық заңымен бекітілген тәртіпте тасымалданады.  

       Аталған Келісімнің 8-бабына сәйкес келісілген, жоғары мөлшерде үшінші елдерге әкетілуші шетел валютасы жолаушылардың кедендік мағлұмдамасының бірыңғай нысаны бойынша жазбаша мағлұмдауға жатады және төмендегі құжаттардың бірін көрсеткен жағдайда оларды әкетуге рұқсат беріледі:  

       - мемлекет аумағына валютаның әкелінгенін растайтын жолаушылардың бірыңғай кедендік мағлұмдамасы;  

       валюта-айырбастау операцияларын жасау кезінде қолданылуы міндетті және сәйкестендірілген қорғау деңгейлері бар анықтама-сертификаттардың бірыңғай нысаны.  

8-бап  

       Аталған Келісімнің күшіне енгенінен кейін екі ай мерзімде Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің ұлттық банктері жеке тұлғалардың валютаны үшінші елдерге кедергісіз /жазбаша түрде мағлұмдаусыз және анықтама-сертификаттар тапсырусыз/ әкетудің келісілген мөлшерін белгілейді.  

       Алдағы уақытта, Кеден одағы туралы келісімдерге қатысушы-мемлекеттердің ұлттық /орталық/ банктері жеке тұлғалардың үшінші елдерге шетел валютасын әкетуінің келісілген басқа да мөлшерлерін белгілеуге құқылы.  

       Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің әрқайсысында, төлемдік теңгерімнің сыни жағдайында, жеке тұлғаның үшінші мемлекеттер валютасын және мөлшерді белгілеуші мемлекет үшін ұлттық болып табылатын валютаны мемлекеттің кеден аумағынан ең жоғары әкетуінің басқа мөлшерін бекіту құқы сақталады.  

9-бап  

       Аталған Келісімге қол қойылған күннен бастап екі ай барысында, Тараптар Кеден одағына барлық қатысушы-мемлекеттердің аумағында күші болатын банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асырушы уәкілетті ұйымдар мен уәкілетті банкілері беретін, Тараптардың әрқайсысының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жолаушылар мағлұмдамасының және анықтама-сертификаттардың бірыңғай /сәйкестендірілген/ нысандарын қабылдауды қамтамасыз етеді.  

10-бап  

       Тараптар, тұрғын халық арасында Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің кеден шекаралары арқылы тауарлар мен валютаның тасымалдану тәртібі, тауарларды бажсыз тасымалдау мөлшерлері, валютаны кедергісіз тасымалдау мөлшерлерінің тәртібі туралы ақпараттарды қоса, ақпараттық-түсіндірме шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді.  

11-бап  

       Аталған Келісімді талқылау кезінде туындайтын даулар және қайшы пікірлер кеңестер мен келіссөздер өткізу жолымен шешіледі, келісілген шешім болмаған жағдайда, Интергациялық Комитет қарауына ұсынылады.  

       Тараптар осы Келісімге өзара келісумен, аталған Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, хаттамалар түрінде ресімделетін толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады.  

12-бап  

       Валюталық реттеу мен бақылауға жауапты органдар арасында мейлінше тығыз қарым-қатынасты іске асыру үшін, Тараптар қажет болған жағдайларда, бірақ жарты жылда бір реттен сирек емес, ағымдағы мәселелер бойынша бірлескен кеңестер өткізеді.  

       Аталған келісім 1995 жылдың 6 және 20 қаңтарындағы Кеден одағы туралы Келісімдерден және Кеден одағы туралы Келісімдерге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы Шарттан тарайтын Тараптардың өзара міндеттерін қамтымайды.  

13-бап  

      Аталған Келісімнің күшіне енуіне қажетті Тараптардың мемлекетішілік процедураларды орындағандары туралы депозитарийдің соңғы хабарлама алған мезетінен бастап Аталған Келісім күшіне енеді. 

      Тараптардың әрқайсысы шығудан алты ай бұрын депозитарийге өзінің пиғылдары туралы жазбаша хабарлама жіберіп, аталған Келісімге сәйкес қабылдаған өзінің міндеттерін алдын-ала реттеп, аталған Келісімнен шығу құқы бар. 

      1998 жылдың 24 қарашасында Мәскеу қаласында орыс тілінде бір данада жасалынды. 

      Келісімнің түпнұсқалық данасы әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайтын Интеграциялық Комитетте сақталады. 

           Беларусь                        Қазақстан Республикасының 

           Республикасының                            атынан 

           атынан 

  

           Қырғыз Республикасының             Ресей Федерациясының 

           атынан                                     атынан 

  

           Беларусь Республикасының         Қазақстан Республикасының 

             Ұлттық Банкінің                     Ұлттық Банкінің 

                  атынан                             атынан 

  

           Қырғыз Республикасының           Ресей Федерациясы 

             Ұлттық Банкінің                 Орталық Банкінің 

                   атынан                      атынан 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

343-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Мыналар:      1) жеке пайдалануға арнал...

Толық оқу »

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

232-бап. Тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізгеннен кейін жасалатын кедендік операциялар Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Межелі кеден...

Толық оқу »

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) жә...

Толық оқу »

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

429-бап. Кедендік алып жүру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1 Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың...

Толық оқу »

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

361-бап. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялау және шығару Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Еуразиялық экономикалық...

Толық оқу »

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

413-бап. Кедендік жете тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын...

Толық оқу »

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

202-бап. Тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден ко...

Толық оқу »

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

228-бап. Тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырудың және оларды мұндай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі...

Толық оқу »

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

25-бап. Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі және шешімнің қолданыс мерзімі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі      1. Тауарларды сыныптау тур...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулерді өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң арасындағы ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен к...

Толық оқу »

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралы

Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралыҚазақс...

Толық оқу »

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

52-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның б...

Толық оқу »

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi з...

Толық оқу »

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралыҚазақстан...

Толық оқу »

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

158-бап. Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік...

Толық оқу »

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

460-бап. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті орган зиятке...

Толық оқу »

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

509-бап. Кеден қоймалары және олардың типтері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды са...

Толық оқу »

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

184-бап. Кедендік декларацияны кері қайтарып алуға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

119-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралы

Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартты ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 494-IV Заңы      2011 жылғ...

Толық оқу »

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралы

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы "Кеден одағы туралы" келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

176-бап. Кедендік декларация Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданыла...

Толық оқу »