Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жолдайтын талаптары, сұрау салулары және өзге де өтініштері өздері жолданған барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жолдайтын талаптары, сұрау салулары және өзге де өтініштері өздері жолданған барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жолдайтын талаптары, сұрау салулары және өзге де өтініштері өздері жолданған барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

 

АППК-нің 127-бабының қағидаларына сәйкес ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

АППК-нің 171-бабы төртінші бөлігінің күшіне сәйкес соттың ақшалай өндіріп алу туралы ұйғарымын орындамау қайтадан ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады.

 

АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРІ

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабына және АППК-нің 18-бабына сәйкес сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жолдайтын талаптары, сұрау салулары және өзге де өтініштері өздері жолданған барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

АППК-нің 28, 29, 127 және 138-баптарының күшіне сәйкес әкімшілік процеске қатысушылар процестік міндеттерін орындауына немесе орындамауына байланысты процестік салдардың туындау тәуекелін көтереді.

АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ қолдану сот ісін жүргізудің заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру сияқты міндетін іске асыруға ықпал етеді (АППК-нің 1-бабының үшінші бөлігі және АПК-нің 4-бабы).

Соттың процестік құқықтарды теріс пайдалану фактілері анықталған кезде АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ қолдану құқығы сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі қағидатынан туындайды және әкімшілік сот төрелігі мәнмәтінінде сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті соттың дискрециялық өкілеттіктерінің бір көрінісі болып табылады.

АППК-нің 127-бабының үшінші бөлігіне сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерін орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелерді ұсыну, тапсырмаларды сот белгілеген мерзімді дәлелді себептерсіз бұза отырып орындау әкімшілік істі қараудың созылуына әкеп соққан жағдайларда, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін 10 АЕК мөлшерінде АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУ қолдануға құқылы.

Сот шешімін, тараптардың татуласу, медиация туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту жөніндегі сот ұйғарымын орындамағаны үшін сот жауапкерге 50 АЕК мөлшерінде АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУДЫ қолданады және осы сот актісінде оны орындауға жататын, бір айдан аспайтын мерзімді көрсетеді (АППК-нің 127-бабы 5-бөлігі). 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

655-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

655-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа келмеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың шақ...

Толық оқу »

53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындауТөлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы      1. Қ...

Толық оқу »

655-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі алқабилерінің міндеттерін орындау үшін сотқа келмеу

655-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі алқабилерінің міндеттерін орындау үшін сотқа келмеу Алқабидің міндеттерін орындау ү...

Толық оқу »