Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Мұрадан бас тарту

Мұрадан бас тарту

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мұрадан бас тарту

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1074-бабына сәйкес, мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда екі айдан аспауға тиіс.

Мұрагер өзіне берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығынан айырылады. Сондай-ақ, егер ол көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін мұрагерлік мүлікке іс жүзінде иелік етуге кіріскен не оған билік еткен, не осы мүлікке өз құқықтарын куәландыратын құжаттарды алу үшін жүгінген болса, ол осы құқықтан мерзім аяқталғанға дейін де айырылады.

Бұған дейінгі қорытындыда мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған адамдардың нотариустардың ұсынысы бойынша мұрадан бас тарту мерзімін ұзарту туралы арызбен сотқа жүгінетіні және мұндай талаптардың соттар тарапынан сирек жағдайларды қоспағанда, негізсіз қанағаттандырылатыны көрсетілген болатын.

Мұндай практика республика соттарында әлі де сақталуда.

Тараз қалалық сотының 2024 жылғы 6 маусымдағы шешімімен А.Д.-ның Т.З.-ның 2022 жылғы 12 маусымда қайтыс болғаннан кейінгі мұрадан бас тарту мерзімін ұзарту туралы А.Н. мен А.Г.-ға қойған талабы қанағаттандырылды.

Шешімнің мазмұнынан Т.З. қайтыс болғаннан кейін тұрғын үй мен жер учаскесі түріндегі мұраның ашылғаны көрінеді. Нотариус Л.-ның 2024 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен талапкердің мұрадан бас тарту туралы арызын қабылдаудан мерзімді өткізіп алуына байланысты бас тартылған.

Сот талапкер А.Д.-ның әскери қызметші болып жұмыс істейтінін, Семей қаласында тұратынын, әскери бөлімнің қала шегінен тыс жерде орналасқанын және осыған байланысты оның заңда белгіленген мерзімде мұрадан бас тарту үшін нотариусқа жүгінуге мүмкіндігі болмағанын назарға алған. Талапкер мұрагерлік мүлікке үміткер емес, мұрадағы өз үлесінен ағасының пайдасына бас тартуға ниетті. Мұрагерлік мүлік иесіз қалған мүлік деп танылмаған және басқа адамдардың меншігіне өтпеген.

Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1079-бабын басшылыққа алуы тиіс еді, оған сәйкес талапкерге тиесілі мұрадағы үлес мұраны іс жүзінде қабылдаған басқа мұрагерге өтуге тиіс болатын.

Жалпы ережелер

Нормативтік қаулының 1-тармағының талаптарына сәйкес, мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешу кезінде соттар мұра ашылған күні қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алуға тиіс.

Мұрагерлік қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындайтын құқықтар мен міндеттерге қолданылады.

Алдыңғы қорытындыда 1999 жылғы 1 шілдеден бастап, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі) қолданысқа енгізілуіне байланысты мұраны қабылдаудың бұрын қолданыста болған тәртібі өзгергені түсіндірілген болатын.

1999 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған Қазақ КСР Азаматтық кодексінің 542-бабына сәйкес мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдауға тиіс еді.

Мұрагер мұрагерлік мүлікке іс жүзінде иелік етуге немесе оны басқаруға кіріскен кезде не мұра ашылған жер бойынша мемлекеттік нотариат кеңсесіне мұраны қабылдау туралы арыз берген кезде мұраны қабылдады деп танылатын.

Көрсетілген әрекеттер мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде жасалуға тиіс болатын.

1999 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі) қолданысқа енгізілуімен мұраны қабылдау қағидалары елеулі түрде өзгертіліп, «мұраны қабылдау презумпциясы» қолданыла бастады. Яғни мұрагер кейіннен мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік құқығынан айырылмаса және оны мұрагер етіп тағайындау туралы өсиеттік өкім жарамсыз деп танылуы салдарынан мұрагерлік құқығынан айырылмаса, мұра ашылған уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға құқық алатын болды.

2007 жылғы 3 ақпаннан бастап мұраны қабылдаудың бұрынғы тәртібі қайтадан қолданыла бастады («Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы және Ерекше бөліктеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заң).

Кейбір жағдайларда соттар істі қарау кезінде мұра ашылған күні қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алу қажеттігін ескермейді.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының 2024 жылғы 16 мамырдағы шешімімен Г.В.В.-ның «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты» ММ-не мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және оны мұраны қабылдаған деп тану туралы талабы қанағаттандырылды. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған.

Іс мән-жайларынан мұра қалдырушы Г.В.Н.-ның 2000 жылғы 13 желтоқсанда, яғни мұраны қабылдау презумпциясы қолданылған кезеңде қайтыс болғаны анықталады. Алайда талапкер Ақтөбе нотариаттық округінің нотариусы К.-ға мұраға құқық туралы куәлік алу үшін жүгінген кезде, оған мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алуына байланысты бас тартылған.

Мұндай қателіктер жүйелі сипатқа ие, жекелеген нотариустардың заңды білмеуі азаматтардың соттарға негізсіз жүгінуіне әкеп соғады, ал соттар нотариустардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кеспей, сол арқылы азаматтардың құқықтарының одан әрі бұзылуына ықпал етеді.

Соттар мұрагерлер шеңбері де мұра ашылған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес айқындалатынын білуге тиіс. Қазақ КСР Азаматтық кодексі қолданылған кезеңде мұрагерлердің небәрі үш кезегі болған, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заң бойынша мұрагерлердің алты кезегі белгіленді, ал 2007 жылғы 3 ақпаннан бастап мұрагерлер шеңбері қайтадан өзгертілді.

1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан аралығындағы кезеңде Азаматтық кодексте мұрагерлік трансмиссия институты болмаған, ал 2007 жылғы 3 ақпаннан бастап өкілдік ету құқығы бойынша мұрагерлік ету қағидалары өзгертілді.

Осылайша, әртүрлі кезеңдерде бір мәселенің құқықтық реттелуі әртүрлі болуына байланысты, соттар мұра ашылған кездегі қолданыста болған құқық нормаларын қолдануға тиіс.

Соттылық

Азаматтық процестік кодекске сәйкес мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын азаматтық істердің мынадай соттылығы көзделген.

Азаматтық процестік кодекстің 31-бабының 3-бөлігімен мұраны алуға лайықсыз мұрагер деп тану, мұраны иесіз қалған деп тану, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұрадан бас тарту мерзімін ұзарту туралы талап қоюлар бойынша істердің айрықша соттылығы белгіленген.

Жоғарыда аталған талаптар бойынша істер мұраның ашылған жері бойынша қаралады.

Бұған дейінгі қорытындыда Нормативтік қаулының 12-тармағы мен АПК-нің 31-бабы 3-бөлігі арасындағы қайшылыққа байланысты мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талаптар бойынша істердің соттылығы мәселелері түсіндірілген болатын. Нормативтік қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін соттарға АПК нормаларын басшылыққа алу, яғни мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру немесе мұрадан бас тарту мерзімін ұзарту туралы талаптарды мұраның ашылған жері бойынша сотқа беру ұсынылды.

Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес мұраның ашылған жері мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері, ал ол белгісіз болған жағдайда – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері болып табылады.

Жетісу облысының Ақсу аудандық сотының 2024 жылғы 23 қазандағы ұйғарымымен А.Т.-ның О.-ға және басқаларға мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талабы істің осы соттың соттылығына жатпауына байланысты негізсіз қайтарылған. Талапты қайтаруға негіз ретінде сот қайтыс болған А.М.-ның Талдықорған қаласында тіркелгенін көрсеткен.

Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшін жойып, талап сол сотқа жіберілген.

Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесінің (ҚААЖ) мәліметтеріне сәйкес қайтыс болған А.М. тірі кезінде Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тіркелген. Мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жеріне қатысты осындай ақпаратты полиция органдары да ұсынған. Бұдан басқа, А.М.-ның аталған мекенжай бойынша тұрғын үйі меншік құқығымен тіркелген.

АПК-нің 31-бабының 2-бөлігімен мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) қоятын талаптарының айрықша соттылығы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес, яғни жылжымайтын мүлікке қатысты белгіленген қағидалар бойынша мұрагерлік мүліктің орналасқан жері бойынша белгіленген.

Егер мұрагерлік мүліктің құрамына жылжымалы мүлік (банктердегі салымдар, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлес, кооперативтердегі пайлар және т.б.) кірсе, кредиторлардың талаптарына жалпы соттылық қағидасы – жауапкердің орналасқан жері бойынша қолданылады.

Кәмелетке толмаған балалардың мұрагерлік құқықтарын қорғау туралы даулар АПК-нің 27-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралады.

Кейбір жағдайларда соттар істерді негізсіз түрде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарға соттылығы бойынша жібереді.

Қызылорда қалалық сотының 2024 жылғы 2 қазандағы ұйғарымымен И.-дің А.-ға мұрадан бас тарту туралы өтінішті заңсыз деп тану және мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талабы жауапкердің талапкер алдында кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент бойынша берешегі бар деген негізбен Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына соттылығы бойынша жіберілген.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келіспей, ұйғарымның күшін жойып, істі мәні бойынша қарау үшін сол сотқа жіберген. Алқа аталған талаптың мұра қалдырушының мұрагерлері болып табылмайтын кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін берілмегенін көрсеткен.

Жалпы соттылық қағидасы (жауапкердің орналасқан жері бойынша) мұрагерлік құқықтардан туындайтын барлық басқа істерге, соның ішінде өсиетті, мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы істерге (жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы куәліктерді қоспағанда) және т.б. қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 13 ақпандағы ұйғарымымен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық соттың 2025 жылғы 16 қаңтардағы ұйғарымының күші жойылды. Аталған ұйғарыммен ЖШС-нің С. мен Ф.-ға заң бойынша мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талабы қайтарылған болатын.

Талапты қайтара отырып, бірінші сатыдағы сот талапкердің заңды тұлға екенін, жауапкер С.-ның жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) ретінде тіркелгенін, даудың шаруа қожалығындағы (бұдан әрі – ШҚ) ортақ үлестік меншіктегі қатысушылардың үлесіне қатысты туындағанын, бұл мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың (бұдан әрі – МАЭС) соттылығына жататын корпоративтік даудың бар екенін көрсетеді деп негіздеген.

Алқа бұл тұжырымдарды негізсіз деп танып, жауапкер С.-ның ЖШС-нің немесе ШҚ-ның қатысушысы, сондай-ақ аталған ұйымдардың басшысы немесе бұрынғы басшысы болып табылмайтынын көрсеткен. Тиісінше, даудың корпоративтік болып табылатыны туралы соттың тұжырымы АПК-нің 27-бабының мазмұнына қайшы келеді. С.-ның ЖК мәртебесі істі МАЭС-тің соттылығына жатқызу үшін маңызға ие емес, өйткені ЖШС-нің жүгінуі жауапкер – жеке тұлғаның құқық белгілейтін құжатын даулауға байланысты.

АПК-нің 307-бабына сәйкес заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі, ал жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың бар екендігі фактісін анықтау туралы арыз жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

Жамбыл облысының Тараз қалалық сотының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы шешімімен Л.Т.-ның мұраның ашылған жерінің заңдық фактісін анықтау туралы арызы қанағаттандырылды. 1999 жылғы 24 қазанда қайтыс болған Л.С.-ның қайтыс болуынан кейін мұраның ашылған жері ретінде Тараз қаласы белгіленген.

Сотқа жүгінуге нотариус С.-ның 2024 жылғы 11 қазандағы қаулысы негіз болған. Аталған қаулымен өтініш берушіге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартылып, мұраның ашылған жерін анықтау үшін сотқа жүгіну ұсынылған, өйткені мұрагерлік мүлік (Тараз қаласындағы пәтер) орналасқан жерде жұбайы тіркелмеген және тіркеу орнынан шығарылған.

Бұл жағдайда нотариус мұраға құқық туралы куәлік беруден негізсіз бас тартқан, өйткені Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес мұраның ашылған жері мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері, ал ол белгісіз болған жағдайда – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері болып табылады. Тиісінше, сотта арызды қанағаттандыруға құқықтық негіздер болмаған.

Алматы қаласында тұратын А. сотқа екі фактіні: әжесі У.-мен туыстық қатынаста болу фактісін және Ақтөбе облысының Хромтау қаласының аумағында У.-ның қайтыс болуынан кейін ашылған мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы арызбен жүгінген.

Хромтау аудандық сотының 2024 жылғы 2 тамыздағы ұйғарымымен А.-ның арызы АПК-нің 307-бабына сілтеме жасалып, істің соттылығына жатпауына байланысты қайтарылған.

Апелляциялық сатыдағы сот АПК-нің 31-бабының ережелеріне сілтеме жасай отырып, мұра қалдырушының жылжымайтын мүлкінің бар екенін көрсетіп, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күшін жойған.

Кейіннен Хромтау аудандық сотының 2024 жылғы 23 қазандағы ұйғарымымен мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы талап бөлігінде іс бойынша іс жүргізу АПК-нің 279-бабы 8) тармақшасының негізінде арыздың кері қайтарылуына байланысты қараусыз қалдырылған.

Соттың 2024 жылғы 28 қазандағы шешімімен А.-ның туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы арызы қанағаттандырылған.

Ақтөбе облыстық сотының талдауында аталған істің Ақтөбе облысында аумақтық соттылық бойынша қаралуының заңдылығы туралы мәселе қойылған, өйткені АПК-нің 307-бабына сәйкес заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Ерекшелік ретінде жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың бар екендігі фактісін анықтау туралы арыздар жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беріледі.

Бұл жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың ұстанымы дұрыс болып көрінеді, өйткені бастапқы арызды қарау кезінде АПК-нің 31-бабында белгіленген айрықша соттылық қағидасын (жылжымайтын мүлік түріндегі мұраны қабылдау фактісін анықтау) ескеру қажет болатын.

Нормативтік-құқықтық база

Осы құқықтық қатынастарды реттейтін және талданатын санаттағы істерді қарау кезінде қолданылуға жататын нормативтік құқықтық актілер мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Кишинев конвенциясы;
  • 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Минск конвенциясы және оған 1997 жылғы 28 наурыздағы хаттама;
  • Қазақ КСР Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Қазақ КСР АК);
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының АК, АК);
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
  • Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;
  • Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі – ҚР ЖС) 1999 жылғы 29 маусымдағы №5 «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы (бұдан әрі – Нормативтік қаулы);
  • ҚР ЖС-ның 2022 жылғы 28 маусымдағы №13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау қағидалары.

 

 

 

 

  

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау 9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы

60-бап. Ашылған мұра туралы мұрагерлерге және бас тартылған мұраны алушыларға (легатарийлерге) хабарлау9-тарау. Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы     ...

Толық оқу »

Пәтер түріндегі мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқарушыны тағайындау үшін нотариусқа жүгінуге мәжбүрлеу туралы

Пәтер түріндегі мұрагерлік мүлікті сенімгерлік басқарушыны тағайындау үшін нотариусқа жүгінуге мәжбүрлеу туралы29.08.2023 жылғы №6001-23-00-6ап/149Талапкер: "F" АҚ (бұдан әрі-...

Толық оқу »

Мұраны қабылдамаған мұрагер, егер сот оған мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, оны мұраны қабылдаған деп таныса, басқа мұрагерлерге берілген мұраға құқық туралы куәлікке дау айтуға құқылы.

Мұраны қабылдамаған мұрагер, егер сот оған мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, оны мұраны қабылдаған деп таныса, басқа мұрагерлерге берілген мұраға құқық туралы куәлікк...

Толық оқу »

61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау Нотариат туралы Заңы

61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау Нотариат туралы Заңы      Нотариус мұра ашылған орын бойынша Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсiлдерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсiлдерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы к...

Толық оқу »

Меншік құқығы туралы куәлікті және заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ақшалай үлесті бөлуді жарамсыз деп тану

Меншік құқығы туралы куәлікті және заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлікті ақшалай үлесті бөлуді жарамсыз деп тану 2022 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы...

Толық оқу »

1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Коде...

Толық оқу »

101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру  Нотариат туралы Заңы

101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру Нотариат туралы Заңы      Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының аумағында қалған мүлiктi нем...

Толық оқу »

Мұраға құқық және мұрагерлік мүлікті бөлу сонымен қатар куәліктерді жарамсыз деп тану туралы

Мұраға құқық және мұрагерлік мүлікті бөлу сонымен қатар куәліктерді жарамсыз деп тану туралыСоттылық.Мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талаптарды сотт...

Толық оқу »

Мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын заңды фактілерді анықтау

Мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын заңды фактілерді анықтауЗаңды маңызы бар фактілерді анықтау істері факт туралы даудың болуы мүмкін, бірақ құқық туралы даудың сөзс...

Толық оқу »

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына өсиет пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы сот шешімі мен қаулысына өтінішхат

Жоғарғы Соттың кассациялық алқасына өсиет пен мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы сот шешімі мен қаулысына өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық заң...

Толық оқу »

Мұрагерлік мүлікті бөлу

Мұрагерлік мүлікті бөлуҚазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1076-бабының 1-тармағына сәйкес, заң бойынша мұраны қабылдаған кез келген мұрагер мұраны бөлуді талап етуге...

Толық оқу »

35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

35-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестің мұрагерлік бойынша ауысуы Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер...

Толық оқу »

Өтініш Мерзімді қалпына келтіру және мұрагерді мұрагерлікті қабылдаған деп тану туралы

Өтініш Мерзімді қалпына келтіру және мұрагерді мұрагерлікті қабылдаған деп тану туралыНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың негізг...

Толық оқу »

Мұрагерлік құқығы туралы даулар-Мұрагер мұрагерлікке шақыру туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылы

Мұрагерлік құқығы туралы даулар-Мұрагер мұрагерлікке шақыру туралы білген немесе білуі керек болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылыМ.сотқа Ж., Г., А.,....

Толық оқу »

Тану заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік және мұрагерлік құқығын жарамсыз деп тану

Тану заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік және мұрагерлік құқығын жарамсыз деп тануСот сатылары материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған және іс бойынша белгіленг...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану мерзімін өткізіп алу себептерінің құрметін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайды

Мұраны қабылдау және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану мерзімін өткізіп алу себептерінің құрметін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайдыП. сотқа даудың мәніне...

Толық оқу »

1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себе...

Толық оқу »

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеу

Меншік құқығын тіркеуді жарамсыз деп тану / мұрагерлік дауларды шешу | бірлесіп сатып алынған ортақ мүлікті заңсыз тіркеуАлматы облысының Іле аудандық соты құрамында: ашық сот...

Толық оқу »

1080-бап. Мұраның есебiнен төлеуге жататын шығындар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

1080-бап. Мұраның есебiнен төлеуге жататын шығындар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажеттi шығындарды,...

Толық оқу »

26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

26-бап. Мұраның және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуіМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлік өсиетке с...

Толық оқу »

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары Нотариат туралы Заңы

71-бап. Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiктi беру шарттары Нотариат туралы Заңы      1. Нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды тала...

Толық оқу »

Мұра бойынша Апелляциялық шағым

Мұра бойынша Апелляциялық шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайым нақты жағдайдың талаптарына сәйке...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау үшін мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайды

Мұраны қабылдау үшін мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін сот әрбір істің нақты мән жайларына қарай айқындайдыФ.2006 жылы 13 наурызда туған в. кәмелетке толмаған қыз...

Толық оқу »

Мұраны қабылдау мерзімін сот ұзартуы мүмкін егер ол мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса. Мұра көрсетілген мерзім өткеннен кейін және сотқа жүгінбей қабылдануы мүмкін, бұл үшін мұраны қабылдаған барлық басқа мұрагерлер келіскен жағдайда.

Мұраны қабылдау мерзімін сот ұзартуы мүмкін егер ол мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса. Мұра көрсетілген мерзім өткеннен кейін және сотқа жүгінбей қабылдануы мү...

Толық оқу »

Мүлікті тіркеуге байланысты даулар, егер мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарса, мұра қалдырушының кредиторлары мәжбүрлеп тіркеуді талап етуге құқылы

Мүлікті тіркеуге байланысты даулар, егер мұраны қабылдаған мұрагерлер мұраның құрамына кіретін мүлікті немесе оған құқықтарды тіркеуден жалтарса, мұра қалдырушының кредиторлар...

Толық оқу »