Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстар және оларды борышкер есебінен өтеу

Атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстар және оларды борышкер есебінен өтеу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстар және оларды борышкер есебінен өтеу

Жеке сот орындаушысы өз қызметін дербес қаржыландырады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 3-бабы 7) тармақшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізу атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындауға жұмсалған шығыстарды борышкер есебінен өтеу қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 114-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстар осы шығындарды шеккен адамдардың немесе ұйымдардың пайдасына борышкерден өндіріледі.

Борышкер атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстарды өндіру туралы сот орындаушысының қаулысын даулау, сондай-ақ оларды өндіруді кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту, олардың мөлшерін азайту не өндіруден босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы (Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 114-бабының 5-тармағы).

Атқарушылық іс жүргізудің осы сатысында талап қоюдың ең көп таралған негіздері мыналар болып табылады:

  • қызметіне ақы төлеу сомасының дұрыс есептелмеуі;
  • нақты жұмсалған шығыстар сомасының дұрыс есептелмеуі;
  • қызметіне ақы төлеу сомасының атқарушылық іс жүргізу шеңберінен тыс бекітілуі.

Қаулының күшін жоюға мүдделілік сондай-ақ атқарушылық құжаттарға мыналардың жатқызылуымен байланысты:

  • атқарушылық санкцияны өндіру туралы қаулы;
  • атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде жұмсалған шығыстарды өтеу туралы сот орындаушысының қаулысы;
  • жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларын бекіту туралы қаулысы.

Төлем болмаған жағдайда аталған құжаттар мәжбүрлеп орындау шараларын қолдана отырып, атқарушылық іс жүргізуді қозғауға әкеп соғады.

АППК-нің 138-бабының 2-бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтарудың 17 негізі көзделген.

Қарастырылып отырған санаттағы істер көбіне мынадай негіздер бойынша қайтарылады:

  • АППК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 6) тармақшасы – талап қоюшы берген талап қоюын кері қайтарып алған;
  • АППК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 9) тармақшасы – тараптар татуласу, медиация туралы немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, ол сотпен бекітілген;
  • АППК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 11) тармақшасы – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды;
  • АППК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 17) тармақшасы – іс осы соттың соттылығына жатпайды.

Сондай-ақ, АППК-нің 136-бабының 8-бөлігінде талап қоюды қайтарудың негізі көзделген. Атап айтқанда, сотқа талап қою мерзімін дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ өткізіп алынған сотқа жүгіну мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтаруға негіз болып табылады.

Талданып отырған санаттағы талап қоюларды қайтару мәселесін шешу кезінде соттарда қиындықтар туындамайды.

Сонымен бірге, соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру бейбіт жолмен шешілген істердің санын (келісім жасасу немесе талап қоюды кері қайтарып алу) едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 118-бабына сәйкес жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі және істердің санатына әрі өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға дейінгі мөлшерде, бірақ он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерлерді белгілей отырып айқындалады.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.

Тәжірибеде атқарушылық іс жүргізу қозғалған шеңберде, алайда сот орындаушысын айналып өтіп, төлем жүргізілген жағдайлар да кездеседі.

Даулы жағдайда атқарушылық құжат талаптарының ерікті түрде орындалғаны туралы мәселе туындаған кезде мынадай мән-жайлар тексерілуге тиіс:

  • борышкерге атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тиісті түрде хабарланғаны;
  • сот орындаушысы қабылдаған мәжбүрлеп орындату шаралары (ақша қаражатына, мүлікке және т.б. тыйым салу);
  • атқарушылық құжаттың мәжбүрлеп орындатуда болған кезеңі.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заң нормаларын сөзбе-сөз түсіндіруге сәйкес, атқаруға ұсыну ерікті түрде орындау ниетінің болмағанын білдіреді.

Сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу және атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстарды өтеу борышкердің адал ниетсіздігінің салдары болып табылады.

Атқарушылық іс жүргізу барысында атқарушылық құжат талаптарының орындалуы борышкерге сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу және атқарушылық әрекеттерді жасауға байланысты шығыстарды өтеу міндетін жүктейді.

Борышкердің атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысын айналып өтіп орындауы оны орындауға нақты жұмсалған шығыстарды өтеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу міндетінен босатпайды.

Мысалы, мүліктік емес сипаттағы талаптардың (өндіріп алушының дербес деректерін әлеуметтік желілерден жою туралы) ерікті түрде орындалғанын растау үшін борышкер бейнежазбаларды ұсынған. Алайда атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін мұндай дәлелдемелер ұсынылмаған. Атқарушылық іс жүргізу ұсынылған атқару парағының негізінде қозғалған. Нақты орындалу жеке сот орындаушысы тарапынан қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тіркелген (6001-22-00-6ап/612).

Сот актісінің атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін ерікті түрде орындалуы жол берілетін және анық дәлелдемелермен расталуға тиіс.

Сондай-ақ тиісті органның атқарушылық құжат беруге негіз болған шешімі атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күшін жойған жағдайда, сот орындаушысының қызметіне төленген шығыстарды өтеу тәртібіне қатысты даулар туындайды.

Даулардың осы санатын қарау кезінде мынадай мән-жайлар тексерілуге тиіс:

  • борышкерге атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тиісті түрде хабарланғаны және оның атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныстырылғаны;
  • атқарушылық іс жүргізудің қозғалған күні, оның тоқтатылған күні және атқарушылық құжат беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылған күні;
  • сот орындаушысына шешімнің күші жойылғаны туралы тиісті түрде хабарланғаны не борышкердің тиісті қарсылық бергені.

Тиісті шешім нақты орындалғаннан және атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күшін жойған жағдайда, борышкер сот шешімін орындауды кері бұру туралы арызбен (егер атқару парағы сот актісі негізінде берілген болса) немесе келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы азаматтық тәртіппен талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте жауапкер ретінде атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушы тартылады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес өндіріп алушы орындауға нақты жұмсалған шығыстарды өтеген және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеген жағдайда мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатады.

Сондай-ақ көрсетілген шығыстарды өндіріп алу тәртібіне қатысты даулар туындайды. Өндіріп алушылар көбінесе нақты жұмсалған шығыстардың келтірілген есебімен келіспейді және олардың құжатпен расталмағанын көрсетеді.

Мысалы, өндіріп алушы атқарушылық құжатты толық орындалғанға дейін кері қайтарып алған, атқарушылық іс жүргізу аяқталған. Алайда жеке сот орындаушысы өз қызметіне ақы төлеу сомасын өндіріп алынуға тиіс соманың толық мөлшерінен есептеп бекіткен. Бұл қаулы соттармен заңсыз деп танылып, күші жойылған (6001-22-00-6ап/219).

Жеке сот орындаушысы бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша да осындай жағдайға жол берген. Атап айтқанда, жеке сот орындаушысының орындауында банк пайдасына сомаларды өндіріп алу туралы 32 атқарушылық құжат болған. Өндіріп алушы барлық атқарушылық құжаттарды кері қайтарып алған. Жеке сот орындаушысы атқару парақтарын қайтарудан оның қызметіне ақы төлеу қажеттігіне сілтеме жасап бас тартқан. Сонымен бірге, ол атқарушылық құжаттар бойынша берешек сомасының 10%, 15% және 20% мөлшерінде өз қызметіне ақы төлеу сомасын бекіткен. Барлық қаулылар заңсыз деп танылған (6001-22-00-6ап/371).

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 119-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті соманы енгізуге міндетті. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған кезде жеке сот орындаушысы өндіріп алушы үшін осы соманы енгізудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеуі мүмкін. Егер атқарушылық іс жүргізу барысында өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа енгізілген қаражат одан әрі атқарушылық әрекеттерді жүргізу үшін жеткіліксіз болса, өндіріп алушы жеке сот орындаушысының нұсқауы бойынша көрсетілген ағымдағы шотқа қосымша соманы енгізуге міндетті.

Жоғарыда көрсетілген РП контекстінде жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін енгізуді көздеу ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.

Атқарушылық іс жүргізудің мақсаты – бұзылған немесе дауланатын құқықтарды не заңмен қорғалатын мүдделерді нақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау атқарушылық іс жүргізудегі сот бақылауының нысаны болып табылады, оның мақсаты атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

ӘРПК;

АК;

АПК;

Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңы;

Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;

Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы» нормативтік қаулысы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №100 бұйрығымен бекітілген қағидалар;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы.

Пайдаланылған қысқартулар:

ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;

ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;

Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;

АИАЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;

ЖС ӘІС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

ӘІС алқасы немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

ӘД – Әділет департаменті (-тері);

МСО – мемлекеттік сот орындаушысы (-лары);

ЖСО – жеке сот орындаушысы (-лары).  

 

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

113-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

113-бап. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық әрекеттердi ұйымдастыру мен о...

Толық оқу »

356-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің борышкері есебінен міндеттемені орындау

356-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің борышкері есебінен міндеттемені орындау Борышкер кредитор үшін затты дайындау, ол үшін белгілі бір жұмысты о...

Толық оқу »

356-бап. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

356-бап. Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап бе...

Толық оқу »