Алматы қаласында «Әділет» партиясы сайлау науқанының қорытындысын шығарды.
Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша партия республика көлемінде 71 пайыздан астам дауыс жинады. Алматыда сайлау науқаны барысында мыңға жуық іс-шара өткізіліп, тұрғындардан 200- ден астам ұсыныс пен өтініш түсті, ал «Есіктен есікке» акциясы аясында белсенділер мен штаб мүшелері 117 мың отбасымен кездесті.
Қала бойынша 300-ден астам жарнамалық құрылым орнатылып, 700 мыңға жуық үгіт-насихат материалы таратылды. 14 тамызда Республикалық сайлауалды штабтың жұмыс сапары аясында бес топ 21 іс-шара өткізіп, оған 3 мыңнан астам адам қатысты.
БАҚ-та 66 материал жарық көріп, әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам жарияланым орналастырылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы сайлаушылардың қатысу көрсеткіші соңғы 15 жылда алғаш рет 43 пайыздан асып, 43,23 пайызды құрады.
«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына 110 адам бекітілді, оның 13-і Алматы қаласының өкілдері. Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда шақырылады. Бүгінде партия мүшелерінің саны республика бойынша 850 мыңға, Алматы қаласында 50 мыңға жуықтады.
Сайлау науқанының қорытындысы алдағы негізгі міндетті айқындады - сайлаушылардың сенімін нақты нәтижелермен ақтап, халықпен жүйелі жұмысты жалғастыру.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы