75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі Оңалту және банкроттық туралы Заңы
1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша әкімші кредиторлар талаптарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін оңалту туралы істің сотта қаралу кезеңінде өткізеді.
1-1. Кредиторлардың алғашқы жиналысының құзыретіне:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылдау;
2) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген жағдайларда оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу мөлшерін айқындау;
4) борышкер – дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
5) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны жасаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануды келісу жатады.
2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және осы құрамын, кредиторлар комитетінің төрағасын бекіту;
4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
5) оңалту жоспарын келісу;
6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
7) оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру;
8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
9) өзге де мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатын мәмілелер санатына жатқызу;
10) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
10-1) қаржы лизингі шартын жасасуға келісім беру;
11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
12) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
13) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13-1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен өзіне жүктелген жағдайларда, оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін айқындау;
14) оңалтуды басқарушы оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген жағдайда оған қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
15) борышкер – дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
16) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу;
16-1) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
3. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оңалтуды басқарушыдан сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ.
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы