675-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) –
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы қызметтi жүзеге асыруға байланысты жасаған дәл сол әрекет –
айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерінің нысанды киімін заңсыз киiп жүру (пайдалану) –
нысанды киім тәркіленіп, жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы