4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық – мемлекеттік қызметшілердің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қатаң сәйкестікте, сондай-ақ олар мүлтіксіз сақталған кезде жүзеге асырылады;
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы – адамның және Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық деп танылады және олар мемлекеттік қызметшілер тарапынан сақталуға және қорғалуға тиіс;
3) есептілік, бақылауда болу және жауапкершілік – мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында есеп береді, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бақылауында болады, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға міндетті және өздерінің қызметтік өкілеттігі шегінде өз шешімдері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жауапты болады;
4) мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық – мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сай болғанда Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық қамтамасыз етіледі;
5) рәсімдердің ашықтығы – мемлекеттік қызметке іріктеу және мансаптық ілгерілету рәсімдері ашық, объективті болуға және Қазақстан Республикасының барлық азаматы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге тиіс;
6) меритократия – Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке іріктеу олардың кәсіптік құзыреттері, лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы, біліктілік талаптарына сай болуы негізінде жүзеге асырылады;
7) формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу – лауазымды адамға жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын іске асырудан бас тартуға, оларды шектеуге не тоқтатуға, сондай-ақ формальды негіздер мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмесе, талаптарды тек қана осындай негіздер бойынша белгілеуге және қоюға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынады;
8) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту үздіксіздігі – мемлекеттік қызметшінің құзыреттерін арттыру және өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілер тұрақты негізде оқытудан өтеді;
9) құқықтық және әлеуметтік қорғалу – мемлекеттік қызметшілер еңбегіне ақы төлеу кепілдіктерімен, әлеуметтік және өтемақы төлемдерімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен, құқықтық қорғалуымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген материалдық, әлеуметтік және құқықтық қамтамасыз етудің өзге де түрлерімен қамтамасыз етіледі;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де қағидаттар.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
_________________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын қабылдаумен
4-бап. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;
7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;
9) меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;
10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
11) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
13) әдептілік;
14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
15) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
16) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;
18) мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.
2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы