Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 382-бап. Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

382-бап. Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

382-бап. Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сот талқылауы, мынадай шарттар болған кезде:

      1) сотталушы өзiнiң кiнәсiн толық көлемде, оның iшiнде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерін және өзiне қойылған талап қою талаптарын мойындаса;

      2) сотқа дейiнгi іс жүргiзу барысында процеске қатысушылардың осы Кодексте белгiленген құқықтарын бұзуға немесе құқықтарына қысым көрсетуге жол берiлмесе;

      3) процеске қатысушылар iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен жол берілетіндігіне дауласпаса және оларды сот отырысында зерттеудi талап етпесе;

      4) іс бойынша сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу кезінде;

      5) медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде қысқартылған тәртiппен жүргiзiледі.

      2. Iстi сотта талқылаудың қысқартылған тәртiбi сотталушыдан, жәбірленушіден жауап алудан, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімнің мән-жайларын, азаматтық талап қою бойынша төлемдерді және процестік шығындарды төлеу мерзімі мен тәртібі туралы мәселелерді анықтаудан ғана тұрады. Қысқартылған сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.

      3. Сот, егер сот отырысы барысында қысқартылған тәртіппен сот талқылауына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталса, сот тергеуiн толық көлемде жүргiзу туралы қаулы етеді.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 17 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 17 Нормативтік қаулысы. Ескерту. бүкіл мәтін...

Толық оқу »

382-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің қысқартылған тәртібімен істі сот талқылауы

382-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің қысқартылған тәртібімен істі сот талқылауыШағын, ауырлығы орташа, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы...

Толық оқу »

382-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қаза тапқан әскери кемесін қалдыру

382-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қаза тапқан әскери кемесін қалдыру 1. Қаза тапқан әскери кемені өзінің қызметтік міндеттерін соңына д...

Толық оқу »

382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

382-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Ре...

Толық оқу »