Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

300-бап. Қылмыстық істі прокурорға жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

 

      1. Қылмыстық іс айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберіледі.

       2. Күдікті күзетілуде болған жағдайда, қылмыстық істің материалдарына оның жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі. Қалған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірме қоса тігіледі.

      3. Шетел азаматы не азаматтығы жоқ адам болып табылатын күдіктіде оның жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, материалдарға айрықша жағдайларда өзге құжат қоса берілуі мүмкін.

      Ескертпе. Осы бапта:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

      3) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

      5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

      6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

      7) босқын куәлігі;

      8) теңізшінің жеке куәлігі;

      9) шетелдік паспорт;

      10) жүргізушінің куәлігі;

      11) қайтып оралуға арналған куәлік;

      12) жеке куәлік алуға жасы толмаған адамның туу туралы куәлігі;

      13) туу туралы актілік жазба;

      14) әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.

 

 

  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 331-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау