Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 

      1. Осы Заңның мақсаттары – жануарлардың қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту, ізгілікті сақтау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жануарларға қарау кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

      2. Осы Заңның міндеттері:

      1) жануарлардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иелерінің жауапкершілігін қалыптастыру;

      2) жануарларды қорғау жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз ету;

      3) халықты жануарларға адамгершілікпен, ізгілікпен және саналы түрде қарауға тәрбиелеу.

      3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) жануарларды ауырсыну мен тән азабын сезіне алатын тіршілік иелері деп тану;

      2) жануарларға қатыгездікпен қарауға, ауырсыну тудыруға, тән азабын шектіруге және олардың негізсіз өлтірілуіне жол бермеу;

      3) адам мен жануарлардың құрметке, қамқорлыққа және қоғам мен табиғат мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген үйлесімді тіршілік етуі.

 

      Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. -Исключен Законом Республики Казахстан от 19 мая 2026 года № 292-VIII ЗРК. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы