Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

      1. Осы Заңның негізгі мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы саласында адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.

      2. Құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарда жүзеге асырылады:

      1) заңдылық;

      2) жариялылық;

      3) ғылыми негізділік;

      4) құпиялылық;

      5) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;

      6) кешенділік пен жүйелілік;

      7) әрбір адамға және азаматқа қолданатын жеке тәсіл;

      8) ізгілік;

      9) отбасын қолдау және сақтау;

      10) адамға және азаматқа тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіруге жол бермеу. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

 

 

3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы -Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 245-VIII ҚРЗ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Құқық бұзушылық профилактикасы туралы  Заңын қабылдаумен 

      1. Осы Заңның мақсаты құқық бұзушылық профилактикасы саласында бірыңғай мемлекеттік саясат белгілеу болып табылады. 

      2. Осы Заңның міндеттері: 

      1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету; 

      2) құқық бұзушылық деңгейін төмендету; 

      3) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою; 

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту; 

      5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру; 

      6) азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру; 

      7) азаматтар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуларын қамтамасыз ету болып табылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы