Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Осы Заңның мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 

      1. Осы Заңның мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу.

      2. Осы Заңның міндеттері:

      1) мемлекеттік қызметтің мақсатын, оның ерекшеліктерін және мемлекеттік қызмет өткеру негіздерін айқындау;

      2) мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де адамдардың мәртебесін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, құқықтық, әлеуметтік және өзге де кепілдіктерін реттеу;

      3) мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық негіздерін белгілеу;

      4) мемлекеттік қызметтің персоналын басқарудың ұйымдастырушылық негіздерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу себептерін мониторингтеуді және талдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау. 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

 

_________________________ 

-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы  Заңын қабылдаумен 

 3-бап. Осы Заңның қолданылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы 

      1. Осы Заңның күші:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған жағдайларды қоспағанда, барлық мемлекеттiк қызметшiлерге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде реттелмеген бөлігінде жергілікті өкілді органдар тағайындайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге;

      3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін және азаматтық қорғау органдарындағы қызметті өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады.

      2. Осы Заңның күші:

      1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері мен техникалық қызметшілеріне;

      3) келісімшарттық қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде қызметін мемлекеттік органдарда жүзеге асыратын адамдарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы