291-бап. Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Атыс қаруын, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу –
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Жаппай жою қаруын, сол сияқты жаппай жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды жымқыру не қорқытып алу –
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
2) бірнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;
4) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, –
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4 Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалса, –
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы