19-бап. Төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлау Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлау лауазымдық міндеттерді тиімді атқаруға қажетті, мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметте қазақстандық патриотизмді нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға және қызметтік әдепті сақтауға бағытталған оқытуды көздейді.
2. Білім беру гранты шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін мамандар даярлаудың басым бағыттарының тізбесін уәкілетті орган ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кадрларға қажеттілікті көздейтін стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын қалыптастырады.
Білім беру гранттары Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес даярлаудың өзге де бағыттары бойынша бөлінуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының азаматы ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлыққа қатысатын адам мәртебесіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға қабылданған күннен бастап ие болады және оны мемлекеттік қызметке кіруге даярлау қағидаларына сәйкес оқу аяқталған немесе тоқтатылған күннен бастап жоғалтады.
Қазақстан Республикасының азаматы осы Заңның 21-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында көзделген жағдайларда ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлауға жіберілмейді.
4. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлыққа қатысатын адам оқу кезеңінде мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болатын фактілерге жол бермеу туралы міндеттемелерді қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді сақтамау Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуды тоқтатуға және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығаруға алып келеді.
5. Ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматы оқу аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде, мемлекеттік қызметке кіруге даярлау қағидаларында айқындалатын тәртіппен уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша конкурс өткізілмей, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда төменгі лауазымға орналаса алады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
_________________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын қабылдаумен
19-бап. Арнайы тексеру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
1. Осы Заңның 27-бабының 8-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет.
Сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеруді қоспағанда, арнаулы тексеру жүргізу мерзімі үш айға дейінгі мерзімді құрайды.
Сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Парламентінің Платалары тағайындайтын не сайлайтын саяси қызметшілерді қоспағанда, осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке кіретін азаматтар арнаулы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарады.
Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.
Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бұл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.
Осы тармақтың ережелері сайланған әкімге қолданылмайды.
3. Мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы