18-бап. Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдарының құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы
Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдары:
1) әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
2) әскери қызметшілерге қатысты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағдарланған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу нысанында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шараларды қабылдайды;
3) құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілермен профилактикалық әңгімелесу нысанында құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды және әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының алдында олардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға жазбаша бастама жасайды;
4) әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының қарауына әскери бөлімдердің (мекемелердің) қызметінде орын алып отырған қауіп-қатерді, жүйелі проблемаларды, құқық бұзушылықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен, әскери бөлімдердің (мекемелердің) басшылығымен өзара іс-қимыл жасайды;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
______________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 245-VIII ҚРЗ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңын қабылдаумен
18-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы
1. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру құқық бұзушылықтың уақтылы алдын алу, анықтау және жолын кесу, оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі келісілген іс-әрекеттерді әзірлеу және оларды өздері жүзеге асыру арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар жүзеге асырады.
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылады.
3. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ведомствоаралық комиссиялар қызметінің негізгі міндеттері:
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;
3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құжаттарының іске асырылу барысын қарау;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану;
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;
8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
4. Ведомствоаралық комиссиялардың құрамы, өкілеттіктері және қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелермен айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы