18-1-бап. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдері Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
1. Мерзім басталуы тиіс оқиғаны немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамада көзделген жылдармен, айлармен, күндермен, сағаттармен немесе минуттармен есептелетін уақыт кезеңін көрсете отырып, күнтізбелік күнмен айқындалады.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.
Мерзімнің аяқталуы көрсетілетін қызметті берушілерді, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден босатпайды.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдері осы Заңда белгіленген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.
2. Жылдармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады.
Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Егер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келетін жағдайларда, одан кейінгі жұмыс күні жылдармен, айлармен және күндермен есептелетін мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.
Күндермен есептелетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімі жұмыс күндерімен есептеледі.
Сағаттармен немесе минуттармен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы сағатында немесе минутында аяқталады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы