Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

      Экономикалық тергеп-тексеру қызметі:

      1) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

      2) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың мәліметтері мен цифрлық жүйелерін пайдалана отырып анықтайды, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізеді;

      3) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықты ерте анықтау және оның профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;

      4) орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылыққа байланысты қабылданатын алдын алу шаралары (масс-медиада, әлеуметтік желілерде, азаматтар көп жиналатын орындарда және басқа да ақпарат көздерінде) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      5) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қаржы мониторингі субъектілерімен, салалық қауымдастықтармен және қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен және волонтерлік қозғалыстармен, азаматтық қоғаммен және инфлюенсерлермен өзара іс-қимыл жасайды;

      6) ведомстволық профилактикалық есепке алуды жүргізеді және экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жариялайды;

      7) құзыреті шегінде профилактикалық әңгімелесу, ресми алдын ала ескерту нысанында экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы және жеке шараларды, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;

      8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтардың құқықтық даярлығын ұйымдастырады;

      10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандары мен түрлерін әзірлейді және бекітеді;

      11) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      12) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық іс-шараларды жүргізеді;

      13) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қауіп-қатерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көлеңкелі экономикаға неғұрлым бейім салалар мен сондай аяларда стратегиялық талдауды жүзеге асырады;

      14) экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізеді;

      15) құзыреті шегінде құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша, оның ішінде бұғаттау жөнінде шаралар қабылдай отырып, Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді;

      16) заманауи цифрлық технологиялар мен құралдарды пайдаланады, жедел ден қою, экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық туралы деректерді жинау және талдау, сондай-ақ оларды жасау қауіп-қатерін болжау, құқық бұзушылық профилактикасы үшін таралу ошақтарын және нысаналы аудиториясын анықтау үшін оларды интеграциялауды жүргізеді;

      17) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша үздік практикаларды зерделеу және ендіру және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық салалық ұйымдарға, комитеттерге және жұмыс топтарына қатысады;

      18) құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдай отырып, әлеуметтік бағдарланған жобаларды іске асырады;

      19) мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуын анықтау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізеді, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттің негізсіз шығыстарын қысқарту, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды қаржыландыруды қайта қарау, нәтижесіз делдалдарды, алыпсатарлық схемаларды болдырмау және нарықтарды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      20) жұртшылықпен экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасының өзекті мәселелерін талқылау және осы салада жаңа бастамаларды әзірлеу үшін ашық диалог алаңдарын ұйымдастырады;

      21) құзыреті шегінде халықтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға қатысады;

      22) құзыреті шегінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қаржылық және құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру мекемелерімен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ олар үшін экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді;

      23) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша оқу курстарын, лекцияларды, семинарларды ұйымдастырады;

      24) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындауды, бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығаруды жүзеге асырады;

      25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

______________________ 

 

-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 245-VIII ҚРЗ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Құқық бұзушылық профилактикасы туралы  Заңын қабылдаумен 

16-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

 

       Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган: 

      1) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз етеді; 

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жазып-көрсетуге ықпал етеді; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы