Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

      Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган:

      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырады және іске асырады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      4) әдіснамалық қолдау шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіреді, квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту іс-шараларын және ақпарат алмасуды жүргізеді;

      5) сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін сыртқы талдаудың нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жүргізеді;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      7) мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды жүргізеді және сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жүзеге асырады;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

______________________ 

 

-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 245-VIII ҚРЗ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Құқық бұзушылық профилактикасы туралы  Заңын қабылдаумен 

14-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган: 

      1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және кедейлікті азайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады; 

       2) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

      3) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы