Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңы 

"Айбын" орденімен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың" әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері:

      - жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін;

      - әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.

      "Айбын" ордені үш дәрежеден тұрады:

      - Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын";

      - Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын";

      - Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын".

      Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" ордендерімен кіші, аға және жоғары офицерлер құрамдарындағы адамдар марапатталады.

      I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.

      Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы