10-бап. Жануарларды ұстау жөніндегі жалпы талаптар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы
1. Жануарларды ұстау жөніндегі жалпы талаптарға:
1) жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс жануарларды ұстау жағдайлары;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлар ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету жатады.
2. Жануарлардың жекелеген санаттарын ұстау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында реттеледі.
3. Мынадай жағдайларды:
1) ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлар тізбесіне енгізілген, мекендеу ортасына қайтаруға мүмкіндік бермейтін жай-күйдегі зардап шеккен және (немесе) жарақат алған жануарларды олар жануарларға арналған панажайларға, зоологиялық питомниктерге, жануарларға арналған оңалту орталықтарына, ғылыми ұйымдарға, сондай-ақ жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдарға берілгенге дейін жартылай ерікті жағдайларда, жасанды түрдегі мекендеу ортасында немесе еріксіз жағдайларда уақытша ұстау;
2) ғылыми ұйымдардың, жануарларға арналған панажайлардың, зоологиялық питомниктердің, жануарларға арналған оңалту орталықтарының, жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдардың тиісті шешімдері болған кезде, көрсетілген ұйымдар қызметкерлерінің жануарларды емдеуі мен олардың жаңа туған төлдерін, жас төлдерін қолдан тамақтандыруы кезінде жануарларды жартылай ерікті жағдайларда, жасанды түрдегі мекендеу ортасында немесе еріксіз жағдайларда ұстау;
3) жануарлар дүниесі объектілерінің генетикалық қорын сақтау үшін қызметінің негізгі мақсаты жануарларды өсіру болып табылатын ұйымдарда, зоологиялық питомниктерде, жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдарда, ғылыми ұйымдарда жануарларды ұстау және пайдалану жағдайларын;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлар тізбесіне енгізілген жануарларды ұстауға және пайдалануға жол берілмейді.
4. Аулау қызметтері, жануарларға арналған панажайлар, жануарларды уақытша ұстау пункттері иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды вакциналауды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен жүзеге асырады.
Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы