⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауының салдары

Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауының салдары

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауының салдары

АК-нің 835-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы оған белгілі болғаннан кейін оның басталғаны туралы сақтандырушыға немесе оның өкіліне дереу хабарлауға міндетті.

Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде хабарлау мерзімі және (немесе) тәсілі көзделсе, ол шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген тәсілмен келісілген мерзімде жасалуға тиіс.

Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар.

Көрсетілген норманың 3-тармағына сәйкес, егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жӛнiндегi мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.

2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI заңмен АК-нің 835-бабы мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылды:

Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартымен дәлелдіге жатқызылмаған себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

Осылайша, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу сақтандыру төлемінен бас тарту үшін сөзсіз негіз болып табылмайды.

Сондықтан сот әрбір нақты жағдайда тараптардың дәлелдеріне баға беруі керек, атап айтқанда сақтандырушыда сақтандыру жағдайының басталғаны туралы мәліметтердің болмауы оның сақтандыру тӛлемін жүзеге асыру міндетіне ықпал еткен-етпегенін анықтауы тиіс.

П. «Е» СК» АҚ-ға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуды заңсыз деп тану және сақтандыру төлемін ӛндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Семей қалалық сотының 2023 жылғы 27 ақпандағы шешімімен П-ның талап қоюы ішінара қанағаттандырылды.

Сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы заңсыз деп танылды.

Сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемінің ішінара сомасы П-ның пайдасына өндірілді.

Абай облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы қаулысымен Семей қалалық сотының 2023 жылғы 27 ақпандағы шешімі өзгертілді, қанағаттандырылған бөлігінде күші жойылып, талап қоюдан бас тартылды.

Іс бойынша 2022 жылғы 22 тамызда П-ның кінәсінен ЖКО орын алғаны, соның салдарынан С-ға тиесілі кӛлік құралына (бұдан әрі – КҚ) зиян келтірілгені анықталды.

Талап қоюшы мен сақтандыру компаниясы арасында АҚЖ міндетті сақтандыру шарты және автомобиль кӛлігін ерікті сақтандыру шарты жасалды.

Міндетті сақтандыру полисі бойынша жәбірленуші тарап сақтандыру тӛлемін алды.

2022 жылғы 2 қыркүйекте талап қоюшы ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасын төлеу туралы сақтандыру компаниясына жүгінді, алайда арыз беру мерзімін ӛткізіп алуына байланысты оған төлем жасаудан бас тартылды.

Сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуын заңсыз деп тани отырып және талап қоюды қанағаттандыра отырып, бірінші сатыдағы сот жауапкерде сақтандыру жағдайы (ЖКО фактісі) туралы мәліметтер болған, талап қоюшының уақтылы жүгінбеуі сақтандыру өтемін тӛлеу міндеттеріне теріс ықпал ете алмайды деген қорытындыға келген.

Іс бойынша болған бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерте отырып, апелляциялық сатыдағы сот ерікті сақтандыру шартының тараптары өзара қарым-қатынаста шарттың талаптарын басшылыққа алып, ұстануы тиіс деген қорытындыға түрткі болды.

ЖКО 2022 жылғы 22 тамызда орын алды, алайда талап қоюшы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы арызды сақтандыру компаниясына 2022 жылғы 2 қыркүйекте 10 күннен кейін жіберген.

Талап қоюшы сотқа сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы хабарланғаны туралы дәлелдемелер ұсынбаған.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып және бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыра отырып, АК-нің 835-бабы 3-тармағының және АК нің 839-бабы 4-тармағының 5) тармақшасының мазмұны бойынша сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу сақтандыру төлемінен бас тарту үшін сӛзсіз негіз болып табылмайтынын кӛрсетті.

Тараптар арасында жасалған ерікті сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайы – ЖКО, автомобиль көлігінің жолмен жүру процесінде және оның қатысуымен басқа автомобиль кӛлігімен соқтығысу орын алған оқиға.

Іс материалдары бойынша жәбірленуші тарап талап қоюшының автокӛлігінің қатысуымен болған ЖКО туралы хабарлаған кезде сақтандыру компаниясына сақтандыру жағдайының басталғаны туралы 2022 жылғы 23 тамызда белгілі болғандығына тараптар дау айтпайды.

Сақтандыру компаниясының талап қоюға берген пікірі бойынша П. 2022 жылғы 2 қыркүйектегі арызға ЖКО-ның барлық материалдарын ұсынған. 2022 жылғы 6 қыркүйекте сақтандыру компаниясы талап қогюшының кӛлік құралын тексеру актісін жасады және сол күні бағалау компаниясы зиянның мөлшерін анықтады.

Баяндалғанды ескере отырып, бірінші сатыдағы сот сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы білгені туралы дұрыс қорытындыға келді (2024 жылғы 6 наурыздағы 3гп/83 іс).

«Ө» ЖШС «А» сақтандыру компаниясы» АҚ-ға сақтандыру тӛлемінің сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Іс бойынша тараптар арасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының 120 басына 60 000 000 теңге сақтандыру сомасымен, 924 000 теңге сақтандыру сыйлықақысын төлеумен және шарттың қолданылу мерзімі 2022 жылғы 5 маусымнан бастап 2023 жылғы 4 маусымға дейін жануарларды сақтандыру шарты жасалғаны анықталды.

2022 жылғы 10 қарашада талап қоюшы 46 ірі қара малының жоғалғанын анықтап, оларды өз бетінше іздей бастады, бірақ олар нәтижесіз болғандықтан, 2022 жылғы 16 қарашада сақтандыру компаниясына сақтандыру жағдайы туралы жүгінді. Алайда оның сақтандырушыны сақтандыру жағдайы басталғаны туралы тиісті нысанда хабардар етудің 72 сағат деп белгіленген мерзімін ӛткізіп алуына байланысты бас тартылды.

Талап қоюды қанағаттандыра отырып, Батыс Қазақстан облысының соттары АК-нің 835-бабының 3-тармағын және нормативтік қаулының 8 тармағын дұрыс қолдана отырып, талап қоюшы шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді тиісінше орындады деген қорытындыға келген, Шарттың 6.2.17.3-тармағына сәйкес осы мән-жайларда залал мөлшерінің алдын алу және оны азайту үшін ақылға қонымды әрі қажетті шаралар қабылдап, жоғалған жануарларды өз бетінше іздеуді бастаған, қабылданған шаралар оң нәтиже бермегеннен кейін ғана ұрлық туралы арызбен аудандық ішкі істер органдарына, одан кейін сақтандыру компаниясына дереу жүгінген.

Суброгация

Талап қоюдың ескіру мерзімі және дауды сотқа дейін шешу тәртібін сақтау қажеттілігі туралы мәселеден басқа, осы институтты қолдану кезінде басқа да мәселелер практикада туындайды.

Нормативтік қаулыдағы мәліметтерге қарамастан, соттар «регресс» және «суброгация» ұғымдарын шатастыруды жалғастыруда. Абай облысының Семей қалалық соты «Х» СК» АҚ-ның Қ. кері талап қою тәртібімен сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюын шеше отырып (№446 заңның 28-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы – сақтанушының мас күйінде көлік құралын басқару салдарынан АҚЖ басталуы) шешімнің уәждеу бөлігінде осы іске қатысы жоқ АК-нің 840 бабын толық келтірген (2024 жылғы 26 наурыздағы шешім).

 АК-нің 840-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылған адам) мен залалдар үшiн жауапты адамның арасындағы қатынасты реттейтiн ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Осы норма бойынша залал келтірген адамға суброгация тәртібімен ӛзіне ауысқан талапты қойып, сақтандырушы (пайда алушы) мен залал келтіруші арасындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді басшылыққа алуға міндетті. Кінәлі адам жәбірленушіге (сақтанушыға), оның ішінде зиян мөлшері бойынша мәлімдей алатын, өзінің қарсылықтарын сақтандырушыға білдіруге құқылы. Соттар бұл норманы дұрыс түсініп, қолдана бермейді.

Мүліктік сақтандыру шарты бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы қатынастарды және жәбірленуші (сақтанушы) мен зиян келтіруші арасындағы қатынастарды нақты ажыратуы керек.

Біріншісі, әдетте, ерікті сақтандыру шартына негізделген, онда тараптар талаптарды өз қалауы бойынша, соның ішінде зиянның мөлшерін анықтау тәртібін анықтайды.

Бірақ бұл жағдайлар зиян келтіруші үшін міндетті болып табылмайды.

 Мысалы, егер көлік құралдарының соқтығысуы нәтижесінде мүлікке зиян келтіру туралы айтатын болсақ, онда көлік иелері арасындағы қатынастар зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер туралы азаматтық заңнаманың жалпы нормаларымен және № 446 заңмен реттеледі.

«Е» СК» АҚ мен С-ның арасында ерікті кешенді сақтандыру шарты жасалды, онда сақтандыру нысанасы «lexuses 250» маркалы автомашина болып табылады.

Шарттың талаптары бойынша аталған автокөлік, басқалармен қатар, ЖКО болған жағдайда зақымданудан сақтандырылды.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі амортизациялық тозуды есепке алмай, сақтандырылған КҚ-ны мамандандырылған ТҚҚ-да жөндеу құны бойынша жүзеге асырылады.

ЖКО салдарынан жүргізуші О-тың кінәсінен С-ға тиесілі автокӛлікке техникалық зақым келтірілді. Сақтандыру шарты бойынша талап қоюшы мамандандырылған ТҚҚ шотының негізінде 7 373 760 теңге сомасында сақтандыру тӛлемін жүзеге асырды.

«Е» СК» АҚ О-ке суброгация тәртібімен 7 373 760 теңгені ӛндіріп алу туралы сотқа жүгінді.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Алматы қалалық сотының сот алқасы сот шешімін ӛзгертіп, жауапкерден өндіріп алынған соманы 6 724 588 теңгеге дейін төмендетіп, АК-нің 840-бабын және нормативтік қаулының 11-тармағын басшылыққа ала отырып, маман бұл соманы тозуды ескере отырып анықтағанын ескерді.

Апелляциялық алқаның 2023 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «С» СК» АҚ суброгация тәртібімен соманы өндіріп алу туралы О-қа талап қоюы бойынша азаматтық іс бойынша шешімінің күші жойылды.

Соттан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды. Іс бойынша «С» СК» АҚ (Компания) мен «А» ЖШҚ-ның арасында КҚ – «Volkswagen Polo» автокөлігін ерікті сақтандыру шарты жасалғаны анықталды. 2022 жылғы 20 ақпанда О-тың кінәсінен ЖКО орын алып, соның салдарынан «Volkswagen Polo» автокөлігі зақымданды.

Сақтандырушы сақтанушыға 2 061 070 теңге мөлшерінде сақтандыру өтемінің сомасын төледі. У. «F» АҚ-да сақтандырылды, ол «С» СК» АҚ-ның пайдасына 1 380 197 теңге мөлшерінде тӛлемді жүзеге асырды.

Талап қоюшы О-қа суброгация тәртібімен талап қойып, ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтанушыға төленген сома мен «F» АҚ-дан алынған сома арасындағы айырманы 680 873 теңгені ӛндіріп алуды сұрады.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыра отырып, оның Азаматтық кодекстің 840-бабының тәртібімен қанағаттандырылуға жататынын көрсетті, өйткені талап қоюшы іс жүзінде 2 061 070 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Сот шешімінің күшін жоя отырып және талап қоюдан бас тарта отырып, апелляциялық сатыдағы сот сақтандырушы өзіне суброгация тәртібімен ауысқан талапты залал келтірген адамға қоя отырып, сақтанушы (пайда алушы) мен залал келтірушінің арасындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді басшылыққа алуға міндетті деп негіздеді.

Тиісінше, кінәлі адам сақтандырушыға өзінің қарсылықтарын мәлімдеуге құқылы, ол зардап шегушіге (сақтанушыға), оның ішінде зиян мөлшері бойынша мәлімдей алады.

ЖКО кезінде жауапкердің АҚЖ-ы «F» АҚ-да сақтандырылғаны анықталды, демек, оның және жәбірленушінің арасындағы қатынастар №446 заңмен де реттеледі.

Бұл ретте зиян мөлшері туралы есеп № 446 заңда көзделген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың бірі болып табылады.

«Тәуелсіз сараптамалық-бағалау орталығы» ЖШС айқындаған зиян мӛлшерін бағалау туралы есепке сәйкес жәбірленушінің автокөлігіне келтірілген мүліктік зиянның сомасы 1 380 197 теңгені құрайды.

Зиян мӛлшерін бағалаудың кӛрсетілген нәтижесі жарамсыз деп танылмады, оған шағым жасалмады және сот тәртібімен дау айтылмады.

Талап қоюшы белгілі бір «F» АҚ-ның сақтандыру төлемімен келісті.

 Бұл жағдайда жауапкер үшінші тұлғалар алдындағы жауаптылығын сақтандырды, ал ұсынылған сома сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушының жауаптылығының шекті көлемінен аспайды.

Осыған ұқсас мән-жайлар бойынша Алматы облысының Талғар аудандық соты (2024 жылғы 3 сәуірдегі шешім) және Алматы облыстық сотының сот алқасы «С» СК» АҚ-ның Т-ға суброгация тәртібімен сақтандыру сомасын өндіріп алу туралы талабынан бас тарту туралы дұрыс шешім қабылдады.

АК-нің 840-бабының дұрыс қолданылуы ретінде Қарағанды облысы соттарының «С» СК» АҚ-ның К-ке сақтандыру төлемінің сомасын өндіріп алу туралы талап қоюына қатысты іс бойынша сот актілерін, № 3599 істі келтіруге болады.

Талап қоюды қанағаттандырудан бас тартудың негіздемесінде соттар талап қоюшының мамандандырылған ТҚС-дағы амортизацияны есепке алмай, соманы тӛлеу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдағанын, яғни кәсіпкерлік тәуекелді қабылдағанын көрсетті.

Әрине, талап қоюшы нақты келтірілген зиянды өтемей, ерікті сақтандыру шарты бойынша жауапкер тарап болып табылмайтын сақтанушының алдындағы міндеттемелерін орындады.

Жауапкер осы шарт бойынша тарап болып табылмайды және талап қоюшы алдында да, сақтанушының алдында да қандай да бір міндеттемелер қабылдамаған.

Семей қалалық сотының «С» СК» АҚ-ның С-ке талап қоюына қаттысты іс бойынша 2023 жылғы 1 тамыздағы шешімін өзгерте отырып, суброгация тәртібімен сақтандыру төлемінің сомасын өндіріп алу туралы және өндіріп алынған соманың мӛлшерін 1 919 213 теңгеден 501 737 теңгеге дейін төмендете отырып, Абай облысы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы келтірген негіз бойынша талап қоюшы мәлімдеген сома «С» ЖШС қойған төлем шотының негізінде ерікті сақтандыру шартының талаптары бойынша дұрыс айқындалған, ал залал Қағидаларға сәйкес анықталуы тиіс, зиян мӛлшерін анықтау кезінде амортизация (тозу) ескерілгені туралы ешқандай дәлелдемелер жоқ.

АК-нің 840-бабының 2-тармағын Солтүстік Қазақстан облысының соттары «С» СК» АҚ-ның П-қа суброгация тәртібімен сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша дұрыс түсіндірме берген.

Істің мән-жайлары: «С» сақтандыру компаниясы» АҚ мен «A» ЖШС ның (бұдан әрі – Серіктестік) арасында «L» автокөлігін ерікті сақтандыру шарты жасалды. 2020 жылғы 15 қыркүйекте П-тың кінәсінен ЖКО орын алып, соның салдарынан «Lada Largus» автокӛлігіне залал келтірілді.

Сақтандыру шартының 17-тармағына сәйкес келтірілген залалдың мӛлшері көлік құралының амортизациялық тозуын есепке алмай, мамандандырылған ТҚС шоты бойынша айқындалады. «П» ЖШС төлем шотына сәйкес «L» КҚ қалпына келтіру жӛндеу құны 425 300 теңгені құрады, ол сақтанушыға төленді.

Авария кезінде П. «Х» СК» АҚ-да сақтандырылды, ол «С» СК» АҚ-ға 215 035 теңге аударып, залалды ішінара өтеді.

Талап қоюшы сақтанушыға төленген сақтандыру тӛлемі шегінде оған сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы берілгенін көрсете отырып, соттан жауапкерден 210 265 теңге мӛлшерінде қалған залал сомасын өндіріп алуды сұрады.

Жауапкер тарапының ұстанымы П. тиісті жауапкер болып табылмайды, өйткені оның АҚЖ «Х» СК» АҚ-да сақтандырылған, ол жәбірленушіге келтірілген 215 035 теңге сомасындағы материалдық залалды толық өтеген.

Талап қоюшының «С» ЖШС-ның төлем шотына қалпына келтіру бойынша жөндеу құнының мөлшерін айқындайтын құжат ретінде сілтеме жасауы дұрыс емес, өйткені мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы не ол тартқан бағалаушы жүзеге асырады.

Бұл жағдайда «Х» СК» АҚ сақтандырушысының жауаптылығының шекті кӛлемі аспады, залал мӛлшеріне қатысты талаптар, олардың негізділігі шартымен сақтандырушыға ұсынылуы тиіс.

Петропавл қаласының 2023 жылғы 8 маусымдағы №2 сотының талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырып, облыстық соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасы өз шешімін тӛмендегідей уәждеді.

Сақтандырушы шығын келтірген тұлғаға суброгация тәртібімен ӛзіне ауысқан талапты қоя отырып, сақтанушы (пайда алушы - Серіктестік) мен шығын келтірушінің (П) арасындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді басшылыққа алуға міндетті. Бірінші сатыдағы сот мұндай нормативтік акт № 446 заң емес, АК 917 бабы болып табылатынын дұрыс анықтады.

Бұл заң тек «Х» СК» АҚ мен КҚ иесінің АҚЖ сақтандыру шарты бойынша сақтанушы П-тың арасындағы қатынастарды реттейді, бірақ ол жәбірленуші тарап - Серіктестікпен қатынастарға қолданылмайды. Мұндай тұжырымдармен келісуге болмайды.

Ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы (сақтандырылушы) мен шығынға жауапты тұлға арасындағы қарым-қатынас қандай ережелермен реттелетінін, жәбірленуші тараптың талап ету құқығы негізделгенін дұрыс түсіну үшін ерікті сақтандыру шартын ойдан алып тастау қажет.

АК-нің 840 - бабының 4-тармағына сәйкес, егер сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандырушы төлеген шығындар үшiн жауап беретiн адамға талап қою құқықтарынан бас тартса немесе сақтанушының (сақтандырылған адамның) кiнәсiнен бұл құқықты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе тиiсiнше оның бiр бөлiгiн жүзеге асырудан босатылады және артық төлеген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Сақтандыру құқығының авторы ағылшын Мансфилд болып саналады, оның айтуынша суброгация — бірінші рет сақтандырушының есебінен, содан кейін мүліктік зиян келтіруге жауапты адамның арқасында сақтанушыны қос төлем арқылы байытуға мүмкіндік бермейтін құрал.

Сонымен қатар іс жүзінде мүлкіне зиян келтірілген адамның зиян келтіргені үшін кінәлі адамның өзінен немесе сол адамның жауаптылығы сақтандырылған сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын жағдайлар бар.

Сонымен қатар ол ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тӛлемін алады, яғни зиянды өтеу сомасын екі рет алады. Зиян келтіргені үшін кінәлі адам зиянды өтегендіктен, сақтандырушының оған суброгация тәртібімен талап қоюға негіз жоқ.

Бұл жағдайда сақтандырушы сақтанушыдан артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы. «Е» СК» АҚ 4 016 216 теңге сомасында жүзеге асырылған сақтандыру төлемін суброгациялау тәртібімен У-тен ӛндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Түлкібас аудандық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы шешімімен тала қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгертілді, сақтандыру компаниясының талап қоюы ішінара қанағаттандырылды, жауапкерден оның пайдасына суброгация тәртібімен жүзеге асырылған сақтандыру тӛлемінің сомасы 2 016 216 теңге мөлшерінде ӛндірілді.

Іс бойынша келесі жағдайлар анықталды. 2013 жылғы 8 сәуірде сақтандыру компаниясы мен «Е» АҚ (бұдан әрі – банк) арасында автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шарты жасалды, оған сәйкес Банк Т-қа берген қарыз бойынша кепілмен қамтамасыз ететін «HYUNDAI ELANTRA»» көлік құралы сақтандырылды.

Сақтандыру шартының талаптары бойынша пайда алушы болып банк, сақтандырылушы болып Т. айқындалды. 2022 жылдың 13 тамызында Т. аталған кӛлікті басқара отырып, У. тиесілі жылқылармен соқтығысып, автокӛлікке зақым келтірді. У. ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сақтандыру шартының талаптарына сәйкес талап қоюшы пайда алушыға жалпы сомасы 4 016 216 теңге сақтандыру тӛлемін жүзеге асырды.

Бірінші сатыдағы сот жауапкердің автомашинаның меншік иесі Т. (сақтандырылушыға) 2 000 000 теңге мӛлшерінде залалды ерікті өтегені, сол арқылы зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындады үшін талап қоюдан бас тартты.

Сот шешімін ӛзгерте отырып және сақтандыру компаниясының талаптарын ішінара қанағаттандыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот сақтандыру компаниясы ӛзінің сақтанушысына 4 016 216 теңге төлегенін дұрыс негізге алды, сонымен бірге бұл сома жауапкерден толық көлемде өндірілмейді, ӛйткені ол жалпы залал сомасынан оны 2 000 000 теңге көлемінде ішінара ӛтеген.

Осыған байланысты, Т. екі рет 2 000 000 теңге мөлшеріндегі соманың бір бӛлігін – кінәлі адам У. және Т-тың кредитін өтеу есебінен пайда алушының пайдасына сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырған сақтандыру компаниясынан алғанын атап өткен жөн.

Бұл жағдайда сақтандыру компаниясының АК-нің 840-бабының 4-тармағына сәйкес сақтанушыдан артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқығы бар. 

Сақтандыру шартының негізінде сақтандыру жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде жүзеге асыруға міндеттенеді.

Сақтандыру нысандары:

1) міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;

2) сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;

3) сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Қорытуға келіп түскен істерді талдау республика соттары даулардың мынадай түрлерін қарағанын көрсетті:

- көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін есептеу нәтижелеріне дау айту туралы;

- сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы;

- сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына шағым жасау туралы;

- регресс (кері талап) тәртібімен сақтанушыдан сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы;

- суброгация тәртібімен зиян келтірушіден төленген сақтандыру сомасын өндіріп алу туралы;

- сақтандыру шартын жарамсыз деп тану туралы;

- сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін өсімпұл өндіріп алу туралы;

- сақтандыру сыйлықақысын өндіріп алу туралы және т. б.

Соттылық

Аталған санаттағы істер АПК-нің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы қағидалары бойынша – жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралады.

Сақтандыру ұйымына талап қою сақтандыру шартын жасасқан филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

Сонымен қатар соттылыққа жатпауына байланысты талап қоюды негізсіз қайтару жағдайлары кездеседі.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының МАЭС 2023 жылғы 17 мамырдағы ұйғарымымен «Ш» ЖШС-ның «Е» сақтандыру компаниясы»

АҚ-ға (бұдан әрі – «Е» СК» АҚ) сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы қайтарылды.

Қайтаруға бұл талап қоюдың ШҚО МАЭС-ке соттылығы бойынша жатпайтындығы негіз болды, өйткені жауапкер-сақтандыру компаниясы Алматы қаласында орналасқан.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей, АПК-нің 30-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

Талап қоюбға және оған қоса берілген құжаттарға сәйкес талап қоюшының орналасқан жері Өскемен қаласы болып көрсетілген, Өскемен қаласында жол-кӛлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) орын алған, сақтандыру жағдайының басталуы туралы арызды Өскемен қаласында орналасқан «Е» СК» АҚ филиалы жәбірленушіден қабылдаған. Бұл ұйғарымға шағым жасалмады және заңды күшіне енді.

АПК-нің 30-бабының он бірінші бӛлігіне сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қою талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

Номинативтік қаулының 2-тармағында мынадай түсініктеме берілген – «тұрғылықты жері» деген ұғым бұл нормада талап қоюшы – жеке тұлға туралы айтылғанын білдіреді, сондықтан талап қоюшы – заңды тұлғалар жауапкердің орналасқан жері бойынша жалпы тәртіппен талап қоюды береді.

Талдау көрсеткендей, бұл норманы дұрыс түсінбеген. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымымен «Н» СК» АҚ-ның Ж. регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюы АПК-нің 152-бабының 2) тармақшасына (жауапкер Шымкентте тұрмайды) және АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігіне сілтеме жасай отырып қайтарылды.

Талап қоюшы сақтандыру компаниясына өзінің орналасқан жері – Алматы қаласы бойынша сотқа жүгіну жөнінде ұсыным жасалды.

Апелляциялық саты соттың ұйғарымын күшінде қалдырды, сонымен қатар талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алатынын көрсетті.

Бұл ретте соттар АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігі талап қоюшы - жеке тұлғаларға сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап бойынша ғана таңдау құқығын беретінін ескермеген.

Бұл жағдайда талап қоюшы – заңды тұлға сақтанушыға кері мәлімдеген. 2024 жылғы 27 ақпандағы ұйғарыммен «Е» СК» АҚ-ның М. берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі Алматы гарнизонының әскери сотына бере отырып, Алматы облысының Балқаш аудандық соты талап қоюшының талаптары әскери қызмет мүдделерін қозғамайтынын және әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруіне тікелей байланысты емес екенін ескермеген. Ұйғарымға шағым жасалмаған.

Мемлекеттік баж

АҚ-ға (бұдан әрі – «Е» СК» АҚ) сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы қайтарылды. Қайтаруға бұл талап қоюдың ШҚО МАЭС-ке соттылығы бойынша жатпайтындығы негіз болды, өйткені жауапкер-сақтандыру компаниясы Алматы қаласында орналасқан.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей, АПК-нің 30-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап қою филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша да берілуі мүмкін.

Талап қоюбға және оған қоса берілген құжаттарға сәйкес талап қоюшының орналасқан жері Өскемен қаласы болып кӛрсетілген,

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) орын алған, сақтандыру жағдайының басталуы туралы арызды Өскемен қаласында орналасқан «Е» СК» АҚ филиалы жәбірленушіден қабылдаған.

Бұл ұйғарымға шағым жасалмады және заңды күшіне енді. АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігіне сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қою талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша не жауапкердің орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.

Номинативтік қаулының 2-тармағында мынадай түсініктеме берілген – «тұрғылықты жері» деген ұғым бұл нормада талап қоюшы – жеке тұлға туралы айтылғанын білдіреді, сондықтан талап қоюшы – заңды тұлғалар жауапкердің орналасқан жері бойынша жалпы тәртіппен талап қоюды береді.

Талдау көрсеткендей, бұл норманы дұрыс түсінбеген.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы ұйғарымымен «Н» СК» АҚ-ның Ж. регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюы АПК-нің 152-бабының 2) тармақшасына (жауапкер Шымкентте тұрмайды) және АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігіне сілтеме жасай отырып қайтарылды.

Талап қоюшы сақтандыру компаниясына өзінің орналасқан жері – Алматы қаласы бойынша сотқа жүгіну жӛнінде ұсыным жасалды.

Апелляциялық саты соттың ұйғарымын күшінде қалдырды, сонымен қатар талап қоюшы ӛзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алатынын көрсетті.

Бұл ретте соттар АПК-нің 30-бабының он бірінші бөлігі талап қоюшы - жеке тұлғаларға сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап бойынша ғана таңдау құқығын беретінін ескермеген.

Бұл жағдайда талап қоюшы – заңды тұлға сақтанушыға кері мәлімдеген. 2024 жылғы 27 ақпандағы ұйғарыммен «Е» СК» АҚ-ның М. берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі Алматы гарнизонының әскери сотына бере отырып, Алматы облысының Балқаш аудандық соты талап қоюшының талаптары әскери қызмет мүдделерін қозғамайтынын және әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруіне тікелей байланысты емес екенін ескермеген. Ұйғарымға шағым жасалмаған.

Мемлекеттік баж Көрсетілген санаттағы 6 бойынша мемлекеттік баж істер мӛлшерлемелері Салық кодексінің 610-бабына сәйкес айқындалады.

Салық кодексінің 616-бабының 19) тармақшасына сәйкес міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қоюлар бойынша сақтанушылар мен сақтандырушылар соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Осылайша, нормада тек міндетті сақтандыру шарттары туралы сөз қозғалып отыр және сақтанушылар мен сақтандырушылар ғана мемлекеттік бажды төлеуден босатылады, пайда алушылар мұндай жеңілдікті пайдаланбайды.

Сондықтан пайда алушы сақтандырушыға міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тӛлемін ӛндіріп алу туралы талап қойған жағдайда, ол Салық кодексінің 610-бабында кӛзделген мӛлшерде мемлекеттік баж төлеуге міндетті (егер ол ӛзге негіздер бойынша тӛлеуден босатылмаса).

Бұл жағдайда сот шығыстарын тараптар арасында бөлу АПК-нің 109-бабында кӛзделген жалпы ережелер бойынша жүргізілуге тиіс.

Яғни, егер шешім талап қоюшы-пайда алушының пайдасына шығарылса, онда жауапкер сақтандыру компаниясынан оның пайдасына сот шығыстары, оның ішінде ол тӛлеген мемлекеттік баж өндіріліп алынады.

Жергілікті соттар Салық кодексінің 616-бабының 19) тармақшасында кӛзделген жеңілдікті пайда алушыларға (жәбірленушілерге) қолдану туралы бірнеше рет ұсыныс жасады.

Мұндай ұсынысты Жоғарғы Сот 2017 жылы қорыту нәтижелері бойынша Парламентке жіберді, бірақ ол қолдау таппады.

Талап қоюдың ескіру мерзімі

Көбінесе сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы талап қоюлар өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды ӛтеу туралы талап қоюлар деп аталады.

АК-нің 187-бабының 3) тармақшасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды ӛтеу туралы талаптарға қолданылмайды.

Сонымен қатар тараптардың (пайда алушы мен сақтандырушының) құқықтық қатынастары зиян келтіруден емес, сақтандыру шартынан туындайды.

Сақтандырудың мақсаты келтірілген зиянды өтеу емес, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) мүліктік мүдделерін қорғау, яғни сақтандыру нарығында тауар (қызмет) түрінде әрекет ететін сақтандыру қорғанысы болып табылады.

Сондықтан сақтандыру тӛлемі зиянды өтеу ретінде әрекет ете алмайды, бұл сақтандыру кәсіпкерлік қызмет түрі болып табылатын «Сақтандыру қызметі туралы» Заңның 2-бабының ережелеріне сәйкес келеді.

Демек, сақтандыру шарттарынан туындайтын талаптарға талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі – үш жыл қолданылады.

Сот практикасында кездесетін келесі ӛзекті мәселеге назар аударамыз: сақтандыру компаниясына талап қою үшін үш жылдық ескіру мерзімін қай сәттен бастап есептеу керек.

Нормативтік қаулының 4-тармағына сәйкес бұл мерзім пайда алушыға немесе сақтанушыға (сақтандырылушыға) оның құқықтарының бұзылуы – сақтандыру тӛлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешім қабылдау туралы белгілі болған сәттен бастап, ал егер шешім қабылданбаса – сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін заңда немесе шартта белгіленген мерзім аяқталған сәттен бастап есептеледі.

Яғни сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы құжаттарды қабылдамаған, оларды қарамаған және келтірілген залал үшін өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім шығарған сәтке дейін пайда алушы оның құқықтарының бұзылғанын білуі мүмкін емес.

Мұндай жағдайда ескіру мерзімін есептеудің басталуы сақтанушы бүлінген кӛлік құралын қалпына келтіру үшін жеткіліксіз өтемақы төлеуден бас тартқан немесе шешім қабылдаған күн болады.

2001 жылы туған Ж. сақтандыру тӛлемінен бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану және сақтандыру тӛлемдерін жүзеге асыру міндетін жүктеу туралы екі сақтандыру компаниясына талап қоюмен сотқа жүгінді.

Өз талаптарында 2018 жылғы 23 шілдеде болған ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған кезінде жарақат алғаны жөнінде уәж келтірді. 2019 жылғы 15 қаңтарда оған мүгедектік белгіленді.

Жол-кӛлік оқиғасына кінәлі жүргізушілердің жауаптылығы сақтандыру компанияларында сақтандырылған.

Сақтандыру төлемі туралы арызбен сақтандыру компанияларына 2023 жылдың ақпан және наурыз айларында жүгінді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 қазандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 14 тамыздағы №2 шешімімен талап қоюдың ескіру мерзімін өткізіп алуына байланысты талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды (сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап үш жылдан астам уақыт өткен).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 мамырдағы (3гп/200) қаулысымен іс бойынша сот актілері өзгертілді, сақтандыру компанияларының біріне қойылған талаптар бӛлігінде талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Бұл ретте алқа нормативтік қаулының 4-тармағын басшылыққа алып, талап қоюшы өзінің құқығын бұзылғаны туралы – сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімнің қабылданғаны жӛнінде 2023 жылдың ақпан және наурыз айларында білгенін көрсетті.

АК-нің 181-бабына сәйкес суброгация кезінде мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап қою мерзiмi мен оны есептеу тәртiбiн өзгертуге әкелiп соқтырмайды, сондықтан борышкер осы мерзімді өткізіп алуы туралы жаңа кредитордың орнына бұрынғы кредитор әрекет еткен сияқты дәл солай мәлімдей алады.

Суброгация тәртібімен зиян келтірушіге талап қою кезінде сақтандырушы үшін талап қою мерзімі сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап емес, сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап есептеледі.

Зиян келтірген субъектіні анықтауға байланысты дау болған жағадйда талап қоюдың ескіру мерзімі осы субъектіні айқындаған сот актісі күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Аталған норманы дұрыс қолданудың мысалы ретінде Қарағанды облысы соттарының сот актілерін келтіруге болады.

«Х» сақтандыру компаниясы 2023 жылғы 20 сәуірде С. суброгация тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талаптарда талап қоюшы мен П. арасында автокөлікті ерікті сақтандыру шарты жасалғандығы жөнінде уәж келтірілген. 2020 жылғы 17 қаңтарда жүргізуші С. кінәсінен ЖКО жасалды, соныңс салдарынан П-нің автокөлігіне 2 149 095 теңге сомасында зиян келтірілді. С. азаматтық-құқықтық жауаптылығы (бұдан әрі – АҚЖ) сақтандырылған «С» сақтандыру компаниясы талап қоюшының пайдасына 1 837 800 теңге мөлшерінде тӛлем жүргізді.

Өтелмеген соманың қалдығы 304 795 теңгені құрады, оны талап қоюшы жауапкерден суброгация тәртібімен ӛндіріп алуды сұрады.

Қарағанды облыстық сотының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен ӛзгеріссіз қалдырылған Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы № 2 сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Соттар шешімді нормативтік қаулының 4 тармағына сілтеме жасай отырып, негіздеген және талап қою мерзімі үш жылды құрайтынын, ол 2020 жылғы 17 қаңтардан бастап есептелетінін және 2023 жылғы 17 қаңтарда аяқталатынын, талап қоюшы бұл мерзімді ӛткізіп алғанын кӛрсетті.

Сақтандырушының сақтанушыға кері талап қою тәртібімен талап қоюы үшін үш жылдық мерзім сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап есептеледі (№446 Заңның 28-бабы).

Дауларды сотқа дейін шешу тәртібі Сақтандыру омбудсманы Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді.

Осылайша, 2007 жылғы 7 мамырдағы № 244 заңмен № 446 заң сақтандыру омбудсманының қызметін реттейтін 30-1, 30-2, 30-3 және 30-4 баптармен толықтырылды. 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI заңмен Сақтандыру қызметі туралы заң «Сақтандыру омбудсманы» деген 15-тараумен толықтырылды.

Тиісті өзгерістер № 446 заңға, № 444 заңға және басқа да міндетті сақтандыру туралы заңдарға енгізілді, оған сәйкес сақтанушы (пайда алушы) дау болған кезде өз таңдауы бойынша талаптарды көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып сақтандырушыға жазбаша өтінішпен жүгінуге не дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.

2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII заңда Сақтандыру қызметі туралы заңға және міндетті сақтандыру туралы заңдарға ӛзгерістер енгізілді, оған сәйкес сақтандыру омбудсманына жүгіну сотқа жүгінгенге дейін міндетті болып табылады.

Сақтандыру қызметі туралы заңның 90-бабының 5-тармағы жаңа редакцияда жазылды:

«Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.»

Міндетті сақтандыру туралы заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының (бұдан әрі – ҚНРДА) 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 60 қаулысымен сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсманына жүгіну сақтандыру дауларын реттеу бойынша сотқа жүгіну алдындағы міндетті қадам болып табылады. сәйкес Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бӛлігіне сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады.

Бұл ретте соттар сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын барлық келіспеушіліктер сақтандыру омбудсманының қарауына жата бермейтінін назарда ұстағаны жөн.

 Заң ӛтініш субъектілерін сақтандыру түрлері бойынша ажыратады және олардың талаптарының сомасын шектейді.

Осылайша, сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы.

Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.

Осы тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптардың сомасы АЕК-тің он мың еселенген мӛлшерінен аспауға тиіс.

Практикада туындаған сұрақ: кері талап ету құқығын (№446 заңның 28-бабы) немесе суброгация тәртібімен талап ету құқығын жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары сақтандыру омбудсманына алдын ала жүгінуі керек пе? Мұнда № 446 Заңның 29-1-бабы 1-тармағының жаңа редакциядағы мазмұнына назар аударған жөн:

«Кӛлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда:

талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет ресурсы арқылы) жіберуге не

Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, кӛлік құралдары иелерінің жауаптылығын міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бӛлімшесі, интернет ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.»

Осылайша, бұл нормада регресс тәртібімен талап қоятын сақтандырушы үшін емес, сақтанушы, жәбірленуші және пайда алушы үшін дауды шешу тәртібінің реттілігі туралы сөз қозғалып отыр. «J» СК» АҚ Қ-ке регресс тәртібімен сақтандыру тӛлемінің сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

ШҚО Алтай ауданы сотының 2024 жылғы 7 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюы қайтарылды.

Қайтарудың негізі сақтандыру омбудсменінің шешімінің болмауы болды, яғни талап қоюшы АПК-нің 152-бабы 1 тармағының 1) тармақшасында көзделген дауды сотқа дейінгі реттеудің заңда белгіленген тәртібін сақтамады.

Соттың осы ұйғарымымен келіспей, талап қоюшы жеке шағым берді. Жеке шағымда талап қоюшы соттың ұйғарымының күшін жоюды сұрайды, өйткені бұл жағдайда заңда сақтандыру омбудсменінің қатысуымен дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі көзделмеген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 шілдедегі ұйғарымымен «J» СК» АҚ-ның жеке шағымы оның кері қайтарып алуына байланысты қайтарылды.

Осы мәселе бойынша Абай облысы соттарының ұстанымы дұрыс. Регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы П-қа «Н» СК» АҚ-ның талап қоюы қанағаттандырылған Семей қалалық сотының шешімін күшінде қалдыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот жауапкердің талап қоюын қараусыз қалдыру қажеттігі туралы дәлелдерін негізсіз деп таныды, өйткені істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі көзделмеген.

Суброгацияға қатысты

Суброгация (лат. subrogatio — ауыстыру) — сақтандыру өтемін төлеген сақтандырушыға өтелгеннің шегінде сақтанушыға келтірілген залал үшін жауапты адамнан өтемақы талап ету құқығының ауысуы.

Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады.

Бұл жағдайда (суброгация кезінде) сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандыру шартынан туындайтын дау болмайды.

Сақтандыру тӛлемін жүзеге асырған сақтандыру компаниясы талаптар қоятын зиян келтіруші мүліктік сақтандыру шартының тарапы болып табылмайды.

Сақтандырушыға ауысқан 11 ету құқығы ол сақтанушы талап (сақтандырылушы) мен шығындар үшін жауапты тұлға арасындағы қатынастарды реттейтін ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Демек, сақтандыру компаниясының сақтандыру омбудсманына жүгіну арқылы дауды сотқа дейін шешу тәртібін сақтауы жӛніндегі талапты негізді деп тануға болмайды.

Дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамауға байланысты талаптарды негізсіз қайтарудың және қараусыз қалдырудың өзге де мысалдары Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2024 жылғы 3 мамырдағы ұйғарымымен Г-ның «А» ЖШС-ға ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы заңсыз қараусыз қалдырылған.

Сот талап қоюшының дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамағанын, сақтандыру омбудсманының шешімін ұсынбағанын көрсетті.

Апелляциялық саты Сақтандыру қызметі туралы заңның 86-бабына сілтеме жасай отырып, соттың осы тұжырымымен келіспеді, бұл талап қоюдың мәні ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залалды, атап айтқанда ӛтелмеген сақтандыру төлемімен келтірілген залал сомасын ӛндіріп алу болып табылатындығын кӛрсетті.

Талап қоюдың құқықтық негізі деп АК-нің 917 және 924-баптарының нормаларын көрсеткен. Бұл жағдайда ЖКО-дан зардап шеккен адам және кӛлік құралының меншік иесі іс бойынша тараптар болып табылады.

Осыған ұқсас негіз бойынша М-тың Н-ке ЖКО салдарынан келтірілген материалдық залалды ӛндіріп алу туралы талап қоюы (Алматы қаласының Жетісу аудандық соты ) қараусыз қалдырылған.

Алматы қаласының МАЭС 2024 жылғы 21 ақпандағы ұйғарыммен «Н» СК» АҚ-ның «A» ЖШС-ға регресс тәртібімен соманы өндіріп алу туралы талап қоюын, наразылық жіберу арқылы дауды шешудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау қажеттігін кӛрсете отырып, негізсіз қайтарды.

Апелляциялық саты сот жіберген қатені түзетіп, мәлімделген даудың мәні дауды сотқа дейінгі реттеуді кӛздемейтінін, өйткені заңда белгіленбегенін және тараптар арасында шарттық қатынастар жоқ екенін көрсетті.

Осы тақырып бойынша сот практикасын талдай отырып, Павлодар облыстық соты:

сақтанушының (сақтандырылушы, пайда алушы) омбудсман шешім шығарғаннан кейін омбудсманның шешіміне шағым жасамай, сақтандыру компаниясына талап қоюмен тікелей сотқа жүгінуге құқығының бар-жоғы жӛнінде сұрақ қойды.

Соттар дауды сотқа дейін шешу тәртібін сақтау бөлігінде сақтандыру туралы заңнаманың көрсетілген нормаларын қолдана отырып, егер сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасындағы дауды қараса, онда оның шешімі сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті емес, олар сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы екенін ескеру қажет.

Бұл ретте талап қоюдың мәні омбудсманның шешімі емес, сақтандыру компаниясының шешімі болады. Бұл жағдайда еңбек дауларын шешу ұқсастығы бойынша аналогия келтіруге болады, осы орайда дау тарапы үшін келісім комиссиясына жүгіну міндетті болып табылады, бірақ мұндай шешіммен келіспеген жағдайда тарап келісу комиссиясының шешіміне шағым жасамай, дауды шешу үшін сотқа жүгінеді. ЖКО салдарынан Қ-тың кінәсінен Т-тің автокӛлігіне зиян келтірілді, ол кінәлінің сақтандыру компаниясына жүгінді.

Сақтандыру компаниясы зиянның мӛлшерін 212 869 теңге сомасында анықтады.

Калькуляциямен келіспей, талап қоюшы сақтандыру омбудсманына сақтандыру төлемінің сомасын ұлғайту туралы арызбен жүгінді.

Сақтандыру омбудсманының шешімімен сақтандыру төлемінің сомасы 97 463 теңгеге ұлғайтылды. Омбудсманның шешімімен келіспей, Т. «J» СК» АҚ-ға калькуляция нәтижелерін жарамсыз деп тану және сақтандыру төлемінің айырмасын ӛндіріп алу талап қоюмен Тараз қалалық сотына жүгінді.

Республиканың соттары жүргізілген талдау қорытындылары бойынша өңірлерде омбудсман ӛкілдіктерін құруды ұсынады, өйткені республика бойынша барлық дауларды бір адамның шешуі жолданымдардың үлкен ағынын және оларды шешу мерзімдерін кешіктіруді тудырады.

Маңғыстау облыстық соты мен Шымкент қаласының соты ӛңірлік сақтандыру омбудсмандарын құру жөнінде ұсыныс енгізу қажет деп санайды, Абай облысының соты әр ӛңірде сақтандыру омбудсманының өкілін көздеуді ұсынады.

Алайда, Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-тарауындағы нормаларға сәйкес республикада бір ғана сақтандыру омбудсманы жұмыс істей алатынын атап өткен жөн.

Сақтандыру қызметі туралы заңның 91-бабының 5-тармағына сәйкес Сақтандыру омбудсманының офисі сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының шешімі негізінде ақпараттық технологиялар, заңтану, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі, бағалау саласындағы, өтініш берушілердің жолданымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтер мен мамандарды және ӛзге де қызметтерді (мамандарды) ұстауға тиіс.

БҚО және Ақтӛбе облысының соттары «Нотариат туралы» Заңның 92-1-бабына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарауды, кері талап қою тәртібімен сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қою бойынша дауларды міндетті түрде соттан тыс реттеуді енгізуді (№446 заңның 28 бабы), яғни нотариустарға атқарушылық жазба алу туралы мәселе бойынша өтініш жасауды ұсынады.

Сонымен бірге қорыту мұндай талаптарды даусыз деп тануға болмайтынын кӛрсетті.

Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізуді қолдануды ұсыным жасауға болады.

Нормативтік база

Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Азаматтық кодекс (бұдан әрі – АК);

Азаматтық процестік кодекс (бұдан әрі – АПК);

Еңбек кодексі (бұдан әрі – ЕК);

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі);

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);

 Қазақстан Республикасының заңдары:

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң);

«Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435;

«Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440;

«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444 (бұдан әрі – № 444 заң);

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 (бұдан әрі – № 446 заң);

«Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513;

«Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580;

«Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V;

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423;

«Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (бұдан әрі – нормативтік қаулы);

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) және басқа да нормативтік құқықтық актілер.

 Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы