⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы

9-бап. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы Заңы 

      Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы: 

      1) өңірлік қолбасшылықтың әскерлеріне оларға жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша, сондай-ақ оның құрамына кірмейтін, белгіленген тәртіппен жедел бағынысына, оның ішінде даярлау және міндеттерді орындау кезеңіне уақытша берілген құрамаларға, әскери бөлімдер мен бөлімшелерге басшылық жасауды жүзеге асырады; 

      2) әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығына, жауынгерлік, тылдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудің барлық түрлеріне, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық жасайды; 

      3) жауапкершілік аймағында төтенше жағдай енгізілген және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, өз өкілеттіктері шегінде өзіне бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдердің күштері мен құралдарын тартуға шешімдер қабылдайды; 

      4) бұйрықтар мен өкімдер шығарады; 

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін құрамалар мен әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру және азаматтық персоналды қабылдау мәселелерін шешеді; 

      6) жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, капитанды қоса алғанға дейін әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады, кезекті әскери атақтар береді, запасқа немесе отставкаға шығарады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 10 қаңтардағы № 274-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы