⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Жәбірленушілерге өтемақы тағайындау тәртібі Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы Заңы 

       1. Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін ол қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға өзіне өтемақы тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасауға құқылы.  

      2. Жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтінішін қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның қарау мерзімі тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күнді құрайды. 

       3. Өтініш берудің ескеру мерзімі адам жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жылды құрайды.  

      4. Өтініш беру мерзімін өткізіп алған жағдайда, жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқылы. 

      5. Жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтініші бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 

      1) көрсетілген өтінішті қарайды; 

      2) жәбірленушіге не жәбірленуші құқықтары берілген адамға қабылданған шешімге шағым жасау құқығын түсіндіре отырып, өтінішті қарау нәтижелері туралы жазбаша нысанда хабарлайды. 

       6. Өтемақы тағайындау туралы не одан бас тарту туралы шешімді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы қабылдайды.  

       Өтемақы тағайындау мынадай құжаттар:  

       1) жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның өтініші;  

       2) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттың не өтемақы алуға жәбірленуші құқықтары берілген адамның жеке басын және құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;  

      3) жәбірленушінің не жәбірленуші құқықтары берілген адамның банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер; 

      4) қылмыстық процесті жүргізетін органның адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі; 

      5) жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі; 

      6) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, оның қайтыс болуы туралы куәліктің немесе жәбірленушінің қайтыс болғанын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі негізінде жүргізіледі. 

       Қайтыс болған адамның барлық отбасы мүшелеріне бір өтемақы төлемі тағайындалады. Бір отбасының мүшесі болып табылатын қайтыс болған әрбір адамға жеке өтемақы төлемі тағайындалады.  

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам ұсынады, қажет болған жағдайда ол өзге құжаттарды да ұсынуы мүмкін. 

       Жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам ұсынған құжаттардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.  

      Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді. 

      Негізсіз өтемақы тағайындағаны және оны алушылардың орталықтандырылған тізіліміне енгізгені үшін қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

       7. Мыналар:  

       1) осы Заңда көзделген негіздердің болмауы;  

      2) өтініш беру мерзімін өткізіп алу; 

      3) анық емес құжаттарды ұсыну; 

      4) кінәлі адамның жәбірленушіге келтірілген зиянды толық көлемде өтеуі; 

      5) қылмыстық процесті жүргізетін органның жәбірленуші ретінде адамның қатысуын тоқтату туралы қаулысы өтемақы тағайындаудан бас тарту үшін негіздер болып табылады. 

      Өтемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешімге жәбірленуші не жәбірленушінің құқықтары берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. 

 

      Осы Заң қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы