⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Түркістан қаласының жергілікті өкілді органының құзыреті   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

8-бап. Түркістан қаласының жергілікті өкілді органының құзыреті   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Түркістан қаласының жергілікті өкілді органының құзыреті   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы 

      Түркістан қаласының жергілікті өкілді органы: 

      1) Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймақтары аумағының қала құрылысы регламентін қоспағанда, Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекітеді; 

      2) Түркістан қаласының дизайн-кодын бекітеді; 

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекітеді; 

      4) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекітеді; 

      5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді; 

      6) Түркістан қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекітеді; 

      7) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағында туристерді тасымалдау бойынша туристік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді; 

      8) Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекітеді; 

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

      Осы Заң Түркістан қаласының ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін реттейді және оны бірегей мұра ретінде сақтауға, зерделеуге және ілгерілетуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы