7-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жылу энергетикасының түйінді және нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді және уәкілетті органға жібереді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4) тармақша 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.
4) жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жылу энергетикасы объектілерінің жылуды тұтынуын азайту жөніндегі жоспарларды әзірлейді және олардың орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң коммуналдық және өндірістік мұқтаждықтарға жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу мен тұтыну, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен оларды дамыту және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы