570-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган өзіне белгіленген тәртіппен берілген құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде, бұл Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, осы мемлекеттің процестік заңнамасының нормалары қолданылуы мүмкін.
3. Егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) орындалмайтын болса, алынған құжаттар оны орындауға кедергі болған себептер көрсетіле отырып, сұрау салушы тарапқа белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы