5-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы органның құзыреті Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы
Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық атқарушы орган тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мақсатында:
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады;
2) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялауды жүзеге асырады;
3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
4) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы