4-бап. Қайырымдылықтың түрлері, объектілері мен субъектілері Қайырымдылық туралы Заңы
1. Филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет қайырымдылықтың түрлері болып табылады.
2. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстар, жануарлар мен өсімдіктер қайырымдылық объектілері болады.
3. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері қайырымдылық субъектілері болып табылады.
4. Қайырымдылық субъектілері мен объектілері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ.
Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы