⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару Азаматтық қорғау туралы Заңы

19-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару Азаматтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару Азаматтық қорғау туралы Заңы 

      1. Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады, ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы болып табылады. 

      2. Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа басшылық етеді. 

      3. Орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары болып табылады. 

      4. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде азаматтық қорғанысқа басшылықты әкімдер жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады. 

      5. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғанысының тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады. 

      6. Мемлекеттің азаматтық қорғаныс бойынша дайындығы қару-жарақтың, әскери техниканың және халық пен объектілерді қорғау құралдарының дамуы ескеріле отырып, күні бұрын бейбіт уақытта жүзеге асырылады. 

      7. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде азаматтық қорғанысты жүргізу ерекше жағдайларда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери қақтығыстардың нақты басталуынан немесе соғыс жағдайын енгізуден басталады. 

      8. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету: 

      1) уәкілетті орган мен оның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне; 

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге; 

      3) азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі. 

      Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерде және мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдардың бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады. 

      9. Азаматтық қорғаныс бастықтары: 

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын қоспағанда, тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын бекітуге; 

      1-1) жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізуге; 

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты аумақта эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге; 

      3) азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тартуға міндетті. 

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ. 

      Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы