⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы

18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы 

      1. Халықтың тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту: 

      1) жеке тұлғалардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, инфрақұрылым жасауды; 

      2) спорт клубтары мен секцияларының жұмысын ұйымдастыруды; 

      3) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзуді; 

      4) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына көпшілік демалыс орындарында халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажеттi үй-жайлар бөлуге және спорт ғимараттарын беруге жәрдемдесуді; 

      5) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуді қамтиды. 

      2. Санаториялық-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлерi, туристiк базалар және балаларды сауықтыру лагерьлерi жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткiзу үшін жағдайлар жасайды. 

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.05.2020 № 395-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы