⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган: 

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 

      2) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады; 

      3) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 

      4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады; 

      5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді; 

      6) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады; 

      7) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады; 

      8) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді; 

      9) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді; 

       10) тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;  

      11) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді; 

      12) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады; 

      13) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді; 

      14) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады; 

      15) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады; 

      16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады; 

      17) сенімгерлікпен басқарушының республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 

      18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады; 

      19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады; 

      20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады; 

      21) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады; 

      22) осы Заңның 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлікке өтем төлейді; 

      23) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді; 

      24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады; 

      24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді; 

      24-2) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады; 

      25) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады; 

      25-1) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды; 

      26) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      26-1) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді; 

      26-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға береді; 

      26-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп-ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асырады; 

      26-4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады; 

      26-5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады; 

   26-6) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы мәліметтерді есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етеді;

      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы