13-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау Cот-сараптама қызметі туралы Заңы
1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі.
2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
3. Сот-сараптама қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
4. Лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы